Түркістан облысы: аудан әкімі даңқты спортшыны марапаттады

Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев джиу-джитсудан Азия чемпионатының күміс, Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ерғали Сәрсенбековті қабылдады. Әңгіме барысында аудан басшысы ел намысын әлемдік аренада қорғап жүрген балуанға сәттілік тілеп, өз атынан алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Түркістан облысы: Жетісайдың кіреберісі көріктене түспек

Жетісай ауданына кіреберіс саналатын Ш. Ділдабеков ауыл округіне қарасты Сырабат елдімекенін кесіп өтетін көше бойына темір шарбақтар орнатыла бастады. Сондай-ақ, ондағы бұрылыстың екі жақ бетін қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, Асықата кентінің шыға берісіндегі үлкен мазарат маңы жасыл шарбақтармен қоршалуда. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев аталған нысандардағы құрылыс жұмыстарының барысымен арнайы танысып, тиісті сала басшыларына қосымша нақты тапсырмалар берді. 

Ж.Түймебаев Түркістандағы кәсіпкерлік нысандарды аралады

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыс орталығындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.Аймақ басшысы алдымен «Яссы нан» ЖШС-не табан тіреді. 2014 жылы іске қосылған жобаның жалпы құны 200 млн. теңге. Тәулігіне 13,7 тонна өнім шығаратын нан зауытында 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Кәсіпорын басшысы Насиба Атаева ас атасына деген сұраныстың артуына байланысты өнім көлемін де көбейтуге бел байлағанын айтады.

Павлодар және БҚО Түркістанға тарихи-киелі орындардың орталығын салып береді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хаттамалық тапсырмасын орындау шеңберінде Түркістан қаласына алғашқы болып Павлодар облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрлан Қақамбетов пен Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасының басшысы Алтынбек Қайсағалиев келді.

Сарыағаштық диқандар биыл 60 млрд. теңгенің өнімін өндірген

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары барысында ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арналған «Алтын күз–2018» мерекелік шарасына қатысты. Биыл сарыағаштық диқандар мол өнім жинады. Межеленген жоспар артығымен орындалып, 60 миллиард теңгенің өнімі алынған. Өз кезегінде облыс басшысы жергілікті шаруаларды айтулы мерекемен құттықтады.

Түркістанда «Нұр Отан» партиясының кезекті ХХХV конференциясы өтті

Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезекті ХХХV конференциясы өтті. Басқосуға «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қ.Жұмашев, облыс әкімі Ж.Түймебаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, партия филиалының саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Сарыағашта «SARYAGASH OPEN – 2018» турнирі басталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «SARYAGASH OPEN» ашық турнирі өтті. Біріншілік 3-4 қараша күндері Көктерек кентінде орналасқан «Altyn Bulak Golf & Health Resort» гольф клубында ұйымдастырылуда. Турнирге Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен келген ойыншылар бақ сынады. Жарысқа 21 жастан асқан шет елден келген және еліміздің ер азамат гольфисттері қатысты. Халықаралық жарыстың тұсаукесерінде сөйлеген облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Түркістанда білім саласындағы жемқорлықты жоятын «SITCEN» жобасы жүзеге асуда

Түркістан облысының барлық мектептеріне jumys.sitcen.kz порталы арқылы қатардағы қызметкерлер мен педагогтарды жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған жүйесі ендірілген. Аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және мектеп ди⁠ректорларын конкурстық тағайындау барысын автоматтандырады. Сондай-ақ, білім ұйымдарындағы техникалық қызметкерлердің бос орындары жайлы хабарламалар орналастырылған. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.

Түркістан облысы білім саласындағы цифрландыру жүйесін республикада ең бірінші болып қолға алды

Түркістан облысы білім саласындағы цифрландыру жүйесін республикада ең бірінші қолға алған өңір. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың қолдауымен жүзеге асқан бұл жүйе білім саласындағы ашықтық пен қолжетімділікке бағытталған. Бұл туралы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді. Оның айтуынша, облыстағы 1371 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 140 034 бала қамтылған.