Түркістан облысында жол картасын іске асырудың нәтижесінде өзектендірілуі тиіс адамдардың саны 626 мыңды құрады

Жуырда Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өткен-ді. Онда формальді емес жұмыспен қамтылған халықты формализациялау және оларды еліміздің экономикасына тарту жөніндегі жол картасын іске асыру барысы қаралды. Аталған мәселе аясында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Әбілқасымова баяндама жасады. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы əкімдіктерінің арасында меморандум жасалды

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы əкімдіктерінің арасында меморандум жасалды. Меморандумға қол қойған Түркістан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бір-бірін қолдап, бірге дамитынын айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Іскер азаматтар Түркістанды түлетуде аянып қалмайды

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесіп, облыс орталығы – Түркістан қаласын дамытуға жасалған жобалардың барысымен таныстырды. Өңір басшысы Елбасының Түркістанды түлетуге аса назар аударып, оған республикалық бюджеттен бөлек еліміздің өзге өңірлерін, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерін атсалысуға шақырғанын атап өтті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысында цифрлық жерсеріктік және эфирлік желілері бойынша қосылған абоненттер саны 362 мыңнан асады

Бүгін Үкіметте селекторлық жүйеде цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мәселелері қаралды. Премьер-Министр Б.Сағынтаев аймақтарды цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшуді дер кезінде қамтамасыз етуді тапсырып, цирфлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшудің маңызы зор екендігіне тоқталды. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданының аппараттық мәжілісінде үш мәселе қаралды

Тамыз айының соңғы аптасының сейсенбісінде Сарығыш ауданының әкімі Қайрат Әбдуалиевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, ЖПҚ бастығы қатысты. 

Түркістан облысы: Келес ауданында Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті

Келес ауданды әкімдігінің ұйымдастыруымен Келес аудандының Абай ауылдық Мәдениет үйінде Конституция күніне орай салтанатты шара өтті. Жиынға аудан активі, ақсақалдар, құрметті азаматтар, жастар және Абай ауылының тұрғындары қатысты. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында айбарлы елді асқақтатар Ата Заң дәріптелді

Жетісай аудандық әкімдігінің үлкен залында Ата Заңымыздың 23 жылдығына орай «Айбарлы елді асқақтатар – Ата заң» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты шараға Жетісай және Мақтаарал аудандарының мемлекеттік, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: Келес ауданында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді

Конститутция күні қарсаңында Келес ауданының Жүзімдік ауылдық округіне қарасты Жүзімдік елді мекеніндегі №86 Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп жанынан бой көтерген жаңа типті шағын футбол алаңының ашылу салтанаты болды. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында 65 ауыл ауызсумен тәулік бойына қамтылған

Бүгінде Жетісай ауданында 1 қала, 1 кент және 11 ауылдық округ бар. Олардағы 104 елді мекенде 172903 халық тұрады. Аталған елді мекендердегі қолданыстағы су құбырларының ұзындығы 951 шақырымды құрайды.