Түркістанда ретсіз сауда орындарын көшіру жұмыстары басталды
Бүгінде қаланың жаңа статусына орай алғышарттар жасалып, Түркістанның алдағы уақыттағы даму бағыттары мен шаһардың осы заманғы жаңа келбетін қалыптастырудың тетіктері қолға алынуда. Қонақтар мен туристер ең алдымен шаһардың сәулеті мен көркіне көз тігетіні сөзсіз. Сондықтан басты жұмыстар қаланың келбетіне сын келтіретін бейберекет сауда орындары мен көпшілік көп баратын орталық "Қуаныш" базарының маңындағы ретсіз сауда орындарын талапқа сай ретке келтіру болып отыр.