Шымкентте балабақшамен қамту 87 пайызды құрайды
Республикалық қала мәртебесін алған Шымкентте мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту 87 пайызға жетіп отыр. Сала мамандарының айтуынша, бұған «Балапан» бағдарламасы аясында қол жеткізіліпті.
Республикалық қала мәртебесін алған Шымкентте мектепке дейінгі балаларды балабақшамен қамту 87 пайызға жетіп отыр. Сала мамандарының айтуынша, бұған «Балапан» бағдарламасы аясында қол жеткізіліпті.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы №42 Хамза атындағы жалпы орта мектебінде кестеге сәйкес 10 шілдекүні қала тұрғындарының электрондық цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Базалық» бағдарламасы бойынша электронды құралдарды пайдалану, үйрету, түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасына қолдау білдіру мақсатындашырайлы Шымкент қаласында «Challenge. Сенің жаңа қырың!» республикалық спорттық акциясы өткізілді.
Шымкентте жаңа зауыттың тұсауы кесілді. «Аспан» сауда белгісі бойынша «Триумф Завод ММС» ЖШС елімізде тұңғыш рет есік, терезенің барлық қосалқы бөлшектерін шығарады. Бұған дейін есік-терезеге қажетті бөлшектер шетелдерден жеткізілетін. Енді бұл өнімдер өзімізде өндіріледі.
Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындарға құлаққағыс жасады. Нақтырағы, газ құбырларын жылыту маусымына дайындау мақсатында қаланың бірқатар аймақтарында газ берілу уақытша тоқтатылатынын хабарлады.
Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілгелі мұнда кадрлық ауыс-түйістер орын алып жатқаны белгілі. Соның бір дәлелі, Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа басшысы тағайындалды.
Шымкент қаласында жаңа тағайындаулар науқаны жалғасуда. Таяуда Шымкент қаласының және Түркістан облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттерінің басшылары тағайындалды.
Шымкенттегі Астана даңғылының бойынан жаңа жолайырық салынатын болады. Соның нәтижесінде қаланың орталық көшелеріндегі көлік қозғалысын азайтуға болады деп есептейді мамандар. Болашақта ұзындығы 6 шақырымға жететін бұл көше Шымкенттің әкімшілік-іскерлік орталығы мен Тассай тұрғын алабын байланыстырады.
Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгелі қала өмірінде көптеген өзгерістер орын алып жатыр. Соның бірі ретінде қаладағы кәсіпорындардың жұмысшыларының жалақыларының арта бастауын айтуға болады. Мәселен, "Shymkent Temir" ЖШС Шымкент мегаполис атанған соң жұмысшыларының жалақысын көтерген қаладағы алғашқы кəсіпорын атанып отыр. Таяудақала басшысы Ғабидолла Əбдірахымов кəсіпорынды аралап қайтқан болатын. Мекеме жетекшісі Руслан Омаровқа жұмысшыларының еңбекақысын көтеру бастамасы үшін алғыс айтты.
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған соң қала әкімдігінде кадрлық ауыс-түйістер орын алатыны айтылып жүр еді. Жұртшылықтың болжамы тура келіпті. Осы аптада қала басшысы бірқатар лауазымды қызметке жаңа басшыларды тағайындады.