Logo
Басып шығаруға арналған нұсқасы
Сейсенбі, 28 Сәуір 2026 18:03

Түркістан қаласының тарихын насихаттайтын көркем инсталляциялар орнатылып жатыр

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Түркістан – тарихы терең, Ұлы Жібек жолының бойында қалыптасқан көне шаһар. Ежелгі кезеңде бұл өңір арқылы өткен сауда керуендерінің негізгі көлік құралы түйе болған. Сол себепті түйе бейнесі – қаланың тарихи-мәдени болмысын айқындайтын маңызды символдардың бірі.

Осы тарихи сабақтастықты жаңаша форматта таныту мақсатында қалаға әуежай бағытынан кіреберіс бөлікте «Ұлы керуен» атты көркем инсталляция орнатылды.  Композицияда түйе бейнесі арқылы Ұлы Жібек жолының рухы, керуен мәдениеті және Түркістанның сауда орталығы ретіндегі тарихи маңызы көрініс тапқан. Инсталляция заманауи көркемдік шешіммен орындалып, сюрреализм элементтері мен металлдан жасалған көпқабатты пішіндер арқылы қозғалыс пен уақыт ағымы бейнеленеді. Сондай-ақ ескі инсталляциялар қайта жаңғыртудан өтуде. Мұндай шағын сәулет нысандары Б.Саттарханов даңғылы бойындағы алаңда және Этноауыл кешені аумағында да бар.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 31 рет
Super User

Келесі автордың соңғы жариялағандары: Super User

© 2020, "AQ-QARA.KZ" ақпараттық агенттігі

Директор-бас редактор: Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Байланыс телефоны: +77025361474

E-mail: dauren-tm@mail.ru


Пайдаланушылық келісім