Шаруалардың еңбегіне табыс тілеген аудан басшысы ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң бағасын берді. Қазіргі таңда Жартытөбе ауылдық округінің диқандары әлеуметтік маңызы жоғары дақыл – қырыққабатты жинап, өнімді еліміздің солтүстік өңірлеріне жөнелтуде. Бұл өз кезегінде ішкі нарықты ерте көкөніспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Құрама елді мекенінің тұрғыны Срайыл Бадалов – «Мухаммеджан» шаруа қожалығының иесі. Ол 0,25 гектар жерге қырыққабат егіп, жыл сайын шамамен 15 тонна өнім алуда.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат