Осы тарихи сабақтастықты жаңаша форматта таныту мақсатында қалаға әуежай бағытынан кіреберіс бөлікте «Ұлы керуен» атты көркем инсталляция орнатылды. Композицияда түйе бейнесі арқылы Ұлы Жібек жолының рухы, керуен мәдениеті және Түркістанның сауда орталығы ретіндегі тарихи маңызы көрініс тапқан. Инсталляция заманауи көркемдік шешіммен орындалып, сюрреализм элементтері мен металлдан жасалған көпқабатты пішіндер арқылы қозғалыс пен уақыт ағымы бейнеленеді. Сондай-ақ ескі инсталляциялар қайта жаңғыртудан өтуде. Мұндай шағын сәулет нысандары Б.Саттарханов даңғылы бойындағы алаңда және Этноауыл кешені аумағында да бар.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат