Бекет ТҰРҒАРАЕВ: "СОТ ЖҮЙЕСІН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР"

Бүгінгі Жолдаудан кейін сот саласына еңбек сіңірген қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессордың ой-пікірі осындай.

– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық.  Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдай отырып елімізде бірқатар салаларда  үлкен өзгерістер болатынын аңғаруға болады. Ең бастысы Әділетті Қазақстанды орнату енді басталатыны айтылды. Мүмкін өткен уақыттағы атқарылған жұмыстар соған дайындық болған деп ойлаймын. Қазіргі таңда елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту ең басты мәселе екені анық. Жолдауда халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуда нақты тапсырмалар берілді. «Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Бұл өз кезегінде оның көлемін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты. «Бұл 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады» деді Президент.

Ендігісі, сол саласына енгізілетін өзгерістер. Яғни Қасым-Жомарт Кемелұлы Жоғарғы сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн, деді. Жалпы, әділетті мемлекет болу үшін сот жүйесі мықты болу керек. Соттың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, судьяның еркіндігі секілді проблемаларды  көптен бері баспасөз беттерінде көтеріп келеміз. Кейде соттарға қысым сырттан емес, сот төрағаларының өзінен де болып жатады.  Жаңа Жолдауда бұл мәселелер шешілетіні сөз болды, яғни судьялар сот төрағаларын өз іштерінен сайлайды. Қаншама уақыттан беру көтеріліп келе жатқан өзекті мәселеге Президент нүктесін қойды. Және тағы бір жүйедегі жаңалық, сот кеңесінің жұмысы күшетілетіні бұл салаға серпін берді.

Сот саласында тың өзгерістер әділетті қоғам құруда аса маңызды қадам болды деп есептеймін.

 

 

 

САЙРАМДЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР РЕЙД ЖҮРГІЗУДЕ

2022 жылдың 31 тамызына дейін "Мектепке жол" республикалық акциясы өткізілді. Осы акция аясында Сайрам ауданы полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамы ұйымдасқан түрде аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларын және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсетті.

Сонымен қатар Сайрам ауданы полиция басқармасымен әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шаралар жоспарлануда.

КЕЛЕС: БӨТЕННІҢ МҮЛКІНЕ ҚОЛ СҰҚТЫ

Кассадан 720 000 теңге ақша алып, құмар ойынға жұмсаған күдікті анықталды.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның кассадағы қызметкерімен есептесу кезінде, 720 000 теңге кем болып шыққан. Содан жәбірленуші оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Тәртіп сақшылары ақпарат келіп түскен бойда бірден іске кірісті. Олар қаражаттың қайда кеткенін анықтау үшін қажетті жұмыстарды атқарды. Полицейлердің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, сезікті жігіт жанармай құю бекетінде кассир операторы болып жұмыс істеген. Жас жігіт кассадан 340 000 теңгені, арада біраз күн өткен соң тағы да 380 000 теңге ақшаны алған. Күдікті жігіт алған ақшаны құмар ойынына жұмсаған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті емденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыс полицейлері тұрғындарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға шақырады. Сонымен қатар, ғимараттар мен дүкендерге, тұрғын үйлерге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді.

 

СОЗАҚТА «АБАЙЛАҢЫЗ - БАЛАЛАР!» ШАРАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Созақауданыныңтұрғындарыменқонақтары, ауданәкімшілікаймағында «Абайлаңызбалалар» жедел-профилактикалықісшарасыжалғасынтабуда.

Соныменқатар, ағымдағыжылы 1-шіқыркүйеккүні, жаңаоқужылыбасталуынаорай, әрбірбілімберуұйымдарындағыоқушыларғамектепжасындағыжасөспірімдергеқатыстыжәнежасөспірімдердіңқатысуыменорыналатынжол-көлікоқиғаларыныңалдыналаотырып, балалардыңкөшелерменжолдардақауіпсізжүріп-тұрудағдыларыннығайтумақсатындағықұқықтықсауаттылықтарынашубағытындатүсіндірмежұмыстарыжүргізілуде.

Сондай-ақ, әрбірбілімберуұйымдарындакәмелеткетолмағандардыңқатысуыменжәнекәмелеткетолмағандарғақатыстыжасалатынәкімшілікжәнеқылмыстыққұқықбұзушылықтардыңалдыналубағытындажалпықұқықтықбілімберілуде.

Құрметтіата-аналарсіздерденбалаларыңыздыңтәртібіменжолдажүруқауіпсіздігінбастыназарғаалыпқадағалауғашақырамыз.

Бауыржан ӘЛТЕЕВ, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы : «БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАҢА БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ»

«Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Президенттің кезекті Жолдауында Әділетті Қазақстан жайында көбірек айтылды. Өйткені, әділетті елдің жолында әрдайым мықты мемлекет тұрады. Экономикасы дамыған әділетті елді тұру халыққа ыңғайлы. Сол жағдайды жасау –мемлекеттің басты міндеті. Әрбір жұмыс жасаған азаматтың еңбегі елеулі болуы қажет, тиісті жалақысын алуы керек және ертеңгі күніне сенімді болуы тиіс.

Кезекті Жолдауда халықтың көңілінде жүрген мәселелердің түйінін тарқатар көптеген жақсы жаңалықтар айтылды. Енді ұрпағымыз мемлекеттің үлесін ала бастайды. Бұл дегеніміз мемлекеттің халыққа деген бетбұрысын көрсетеді.

«Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан, мен Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебеге ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескере отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын», -деді Президент.

Бұл халқымыздың мемлекетке деген сенімін арттырады.

Президент мандатының жеті жылға ұзартылуы да орынды ұсыныс. Жеті жылда бастаған ісін аяқтауға мүмкіндік бар. Екіншіден, мемлекет басшысын сайлауды төрт жыл сайын өткізгеннен, жеті жылда бір рет өткізу де шығынды азайтады.

Мемлекетімізді және қоғамның барлық саласы жаңғыруда. Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Біздің алдымызда үлкен міндет тұр. Бұл ретте еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалуда ауызбіршілігіміз қажет

Шымкент: Жаңа оқу жылында 223 мектепте алғашқы қоңырау соғылды

Шымкенттегі 223 мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Осылайша биылғы оқу жылын 242 525 оқушы мен 19 мыңнан аса педагог оқу-тәрбие жұмысын бастады.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан Қ.Сыпатаев атындағы №7 ІТ мектеп-лицейінде өткен Білім күні мерекесіне арналған  салтанатты жиынға қатысты.  Барша білім алушыларды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Жиында ұстаздар мен оқушылардың салтанатты шеруі болды. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер өлең айтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шымкентте жаңа оқу жылында 20 жаңа мектеп ашылды. Нәтижесінде 45 мектеп бір ауысымды, 173 мектеп екі ауысымда, 5 мектеп үш ауысымда білім береді. Білім ұяларының 97,8 пайызы бес күндік, үш ауысымда білім беретін 5 мектеп алты күндік оқумен қамтылады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бес күн оқитын мектептер – 61-ге артып, 6-күн оқитын мектептер 40-қа кеміді. Айта кетейік, оқу бағдарламасына сәйкес, оқушылар 36 оқу аптасында 173 оқу күн оқып, 192 каникул, демалыс күндерімен демалады. Оқу жылына 2 апта қосылуына байланысты біршама мүмкіндіктерге қол жетті. Қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қалада өзін-өзі тану пәні мұғалімдерінің саны – 339, оның ішінде 102 мұғалім «әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану» мамандығына ие. Өзін-өзі тану пәнінің қысқаруына байланысты, оның 42-сі өз білім беру ұйымына әлеуметтік педагог болып орналасса, 23-і жаһандық құзыреттілік курсымен қамтылады. 37 мұғалім кәсіптік бағдар беруші лауазымына ауысты. Ал, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің саны – 1 385. 2021-2022 оқу жылында мұғалімдердің орташа оқу жүктемесі – 24,5-ті құраған.

Сараптау нәтижесінде сағатпен қамтылмаған 45 денешынықтыру пән мұғалімдеріне жаңадан ашылатын 20 жекеменшік мектептердегі 113 бос орындар ұсынылды. Нәтижесінде, 5-11 сыныптарда денешынықтыру пәні бойынша жалпы орташа оқу жүктемесі – 16,3 сағат, бастауыш сыныптарда – 16 сағатты құрады. Қалада орыс тілі пәні мұғалімдерінің саны – 1 310. 2021-2022 оқу жылында мұғалімдердің орташа оқу жүктемесі – 26,5-ті құраған. Сараптау нәтижесінде пән мұғалімдері сағатпен толық қамтылған. Олардың 16-20 сағатпен – 776, 20-24 сағатпен – 521, 24-27 сағатпен – 13 мұғалім жұмыс жасайтын болады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Отбасында ойран салатындарға жазаны күшейтетін кез келді»

«Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды. Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет».

Түркістан: Оқушы мен полицей, жаяу жүргінші жолағы

Бұл көрініс баршаңызға таныс болар. Бүгіннен бастап барлық мектептердің алдында полицейлер тұрады. Яғни, білім ошағының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ювеналды полиция инспекторлары таңертеңгісін, түскі уақытта, кешғұрым оқушылардың жолдан аман-есен өтуін қамтамасыз етіп, мектеп алдында сақадай сай орналасады.

Білім мекемесіне бөлінген полиция қызметкерлері күнделікті жол бойында орналасқан мектептерде оқитын балалардың жаяу жүргіншілер жолағымен дұрыс өтуін, жол ережесін бұзбауын және жол апатына ұшырамауы немесе себепші болмауын қадағалауда.

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған мұндай іс-шараларды Түркістан қаласының сақшылары күнделікті таңғы сағат 07:45-тен кешкі сағат 19:30-ға дейін, яғни оқушылардың мектепке баруы мен шығуы уақытында іске асырады.

ТҮРКІСТАН:ОҚУШЫЛАРҒА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ТАНЫСТЫРДЫ

Полицейлер бастауыш сынып оқушыларына жол белгілерін таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түркістан облысының полицейлері «Алғашқы қоңырау» мерекесіне орай, облыстағы барлық білім ордасына барып, мектеп алдындағы көшелер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, арнайы іс-шара өткізді. Сондай-ақ полицейлер бастауыш сынып оқушыларына жол қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелері бойынша сабақ өтті.

Мысалы Түркістан қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шералы Абдраманов, №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушыларымен кездесіп, жол ережесін сақтау бойынша түсіндірме жүұмыстарын жүргізді. Яғни полиция полковнигі мектеп оқушыларына, бағдаршамның рөлі, ондағы үш түстің не мағына беретінін айтты.

Басқа да жол белгілерін көрнекілік арқылы көрсете отырып, жолда жүру ережелері туралы ескертпе қағаздарын таратты. Жалпы бұл іс-шаралардың барлығы оқушылардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау, жол қозғалысы ережесінің қатаң сақталуын насихаттау болып табылады.

Полицейлер оқушыларға құқықтық білім беріп, дәріс өтті

Бүгін - Білім күні! Яғни еліміздегі барлық мектептер есіктерін айқара ашты. Оқу орнының табалдырығын енді аттаған жеткіншектен бастап, бітіруші түлектерге дейін жүздеріне қуаныш ұялап, ұстаздарымен қауышуда. Ал облыстың тәртіп сақшылары күздің алғашқы мерекесі қарсаңында, өңірдегі барлық мектептерге барып, оқушыларды, мектеп ұжымын жаңа оқу жылымен құттықтап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасына сәйкес, барлық қала, аудандық полиция басқарма, бөлімдерінің басшылығы, жеке құрамы таңғы сағат 07:00-ден бастап, қызметте тұр. Полицейлер сабақ өтіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Мәселен Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков, облыс орталығындағы №15 М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушыларына слайдтар, көрнекіліктерді пайдалана отырып, арнайы дәріс өтті.

Лекцияда қылмыстық жауаптылықтың жасы, есірткі қылмысының алдын алу, зорлық-зомбылықтың құрбаны болып қалмау және өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгінуге болады?-деген тақырыптар аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Яғни оқушыларға құқықтарын қорғау үшін енгізілген өзгерістер, қылмыстық жауаптылық басталатын жас мөлшері, есірткі заттарын тұтынудың денсаулыққа тигізетін зияны жайында кеңінен айтылды. Дәл осындай лекция №17 Ататүрік атындағы мектепте де ұйымдастырылды. Онда Түркістан облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов дәріс өтіп, қылмыстың алдын алу, болдырмау, жақсы әдеттерді бойына сіңіру, жаманнан жирену секілді мән-маңызы зор әңгіме өрбітті. Жасөспірімдермен тілдесіп, ашық сұқбат өткізді.

Өз кезегінде оқушыларда, мектеп мұғалімдері де полицейлердің жұмысын жоғары бағалап, әрбір ақыл-кеңесі, құқықтық білімі үшін алғысын жаудырды. Бұл іс-шаралар туралы полиция полковнигі Асылжан Қалдарбеков: «Білім күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Оқушылар, біз Полиция департаментінен арнайы келіп тұрмыз. ҚР ІІМ полиция генерал-лейтенанты Марат Ахметжанов барлық орта білім беру мекемелерінде «Жалпы құқықтық білім беру сабағын» өткізуді тапсырған болатын.

Сондықтан Сіздер үшін, Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін білгенімізді үйретіп, заңды түсіндірудеміз. Айтарым, жаман әдеттерден аулақ болыңдар, есірткі қылмысына жол бермеңдер. Қылмыстың өтеуі – жаза! Қылмыссыз қоғам құруда, Сіздердің де үлестеріңіз мол! Біз Сіздерге сенеміз!»-деп атап өтті.