Түркістанда сүт шаруашылығын дамыту бағытында халықаралық конференция өтті

Түркістанда «Aq Altyn» Қазақстанның сүт индустриясы І Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияның бас серіктесі – «Clever Machines» компаниясы. Шара алаңына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Германия, Франция, Беларусь, Ресей және Орталық Азия, Кавказ елдерінің сүт нарығының жетекші сарапшылары жиналды.

Төлеби ауданындағы кәсіпорын инновациялық технологияларды қолдана отырып, жаңа сүт өнімдерін шығаруда

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Төлеби ауданына жұмыс сапарымен барды. Көксәйек елді мекенінде орналасқан «ФудМастер-Шымкент» ЖШС-де болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Ордабасы ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 1 млрд. 511 млн теңге құрайтын 232 жоба мақұлданған

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері Ордабасы ауданындағы Шұбар ауылында орналасқан «Сұлтанберді» жылыжай кешенінің жұмысымен танысты. Кешеннің инвестициялық құны - 420 млн теңге. 2 гектар аумақты алып жатқан жылыжайда 2020 жылы іске қосылған.

Созақ ауданында мал шаруашылығы және ет өнімімен айналысу қарқынды даму үстінде

«Кәсіп болмай, нәсіп болмас» демекші, халықтың тұрмыстық әл-ауқатын түзеу үшін және де еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар шаралар ұйымдастырылып, соның нәтижесінде халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту үшін жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Жалпы, елімізде шағын және орта бизнес субьектілерін дамытуға мүмкіндік көп. Осыған орай, Созақ өңірінде кәсіп ашуға ниетті азаматтар қатары күн санап артуда.

Түркістан: қойма иелері жалпы құны 1,3 млрд. теңгені құрайтын жаңа 3 көкөніс қоймасын салуға дайын

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесу тұрақты түрде өтеді. Бұл жолы Түркістан қаласында бизнесін дамытуға ниет білдірген Алматы, Қарағанды облыстарынан арнайы келген кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ туризм, агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 50-ге жуық кәсіпкер жиналды. Мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, ұсыныстарды тыңдады. Бизнес өкілдері қордаланған мәселелері мен жаңа ұсыныстарын айтты. Кездесу еркін форматта өтті.

Жетісай ауданында ресейлік инвестормен бірге жоңышқа грануласын өндіру бойынша келіссөздер жүріп жатыр

Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов айтты. Оның сөзінше, биыл 9 айда ауданның негізгі капиталына 16,6 млрд теңге инвестиция салынған. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21 мыңнан асып, олардың өндірген өнім көлемі 26,5 млрд теңгеге жеткен.

Түркістан: Дархан Сатыбалды өңірде мал бордақылау, ет экспорты, жылыжай шаруашылығындағы жобалармен таныстырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Сайрам және Ордабасы аудандарын аралады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде мал бордақылау, ет экспорты, жылыжай шаруашылығындағы жобалар туралы айтып, кәсіпкерлермен кездестірді.

Отырар ауданында жүгері кластерін дамыту аясында ауқымды жобалар қолға алынған

Түркістан облысы, Отырар ауданында «Дәндік жүгері дақылының өнімділігін арттыру» жөнінде семинар-кеңес өтті. Семинарға Ө.О.Оспанов атындағы қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің ғалымдары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, аудан шаруалары қатысты.