Руханият

Руханият (136)

Созақ ауданында «Салт-дәстүр және төлтума мәдениет – ұлттың генетикалық коды» тақырыбында жиын өтті

18 қазан – Рухани келісім күніне орай «Салт-дәстүр және төлтума мәдениет – ұлттың генетикалық коды» тақырыбында мазмұнды жиын өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы жүргізіп, жиынның мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.

Созақ ауданында «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны ұйымдастырылды

Созақ ауданында Түркістан облысында бастау алған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны ұйымдастырылды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен жүзеге асырылды.

Созақ ауданы: салт-дәстүр мен ұлттық спорт түрлері насихатталды

Созақ ауданы аумағындағы «Жұмбақ тау» этно-лагерінде өткен «JasSAQ» республикалық этно-реалити жобасы аясында салт-дәстүр мен ұлттық спорт түрлерін жаңғыртуға бағытталған танымды сайыстар ұйымдастырылды.

Созақ ауданында «Адал еңбек, арлы ғұмыр, сара жол» атты тағылымды кеш өтті

Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде елге еңбегі сіңген қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Түркістан облысының Құрметті азаматы Сексенбай Тұрысбекұлының 85 жас мерейтойына арналған «Адал еңбек, арлы ғұмыр, сара жол» атты кездесу кеші өтті.

Созақ ауданында «Дәстүр мен төлтума мәдениет — ұлттың рухани коды» тақырыбында кездесу өтті

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Дәстүр мен төлтума мәдениет – ұлттың рухани коды» атты мазмұнды кездесу өтті.Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова ашып, жүргізді.

Созақ ауданында «Қазыналы Созақ – ұлт руханиятының негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті

Созақ ауданы, Созақ ауылында «Қазыналы Созақ – ұлт руханиятының негізі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.  Тағылымды жиында еліміздің тарихында өзіндік орны бар өңір – Созақтың өткен тарихы мен бүгінгі келбеті, мәдениеті және тарихи орындарының ғылыми негізі кеңінен талқыланды.

Созақ ауданында ақын, әдебиет зерттеушісі Дулат Тұрантегінің 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті

Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында көрнекті ақын, аудармашы, тарих және әдебиет зерттеушісі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Созақ ауданының Құрметті азаматы Дулат Тұрантегінің 90 жылдығына арналған «Тұлға. Тағзым. Тағылым» атты еске алу кеші өтті.

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» аясында ардагерлерге арналған тарихи-танымдық сапар ұйымдастырылды

2025 жылдың 14–15 мамыр күндері Отырар ауданы әкімдігі мен “Белсенді ұзақ өмір” әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңістің 80 жылдығы» аясында ардагерлерге арналған тарихи-танымдық сапар сәтті өтті.

Отырар ауданында еңбек ардагері Әбілқасым Құлымбетовтың 80 жасқа толуына «Елім деп еңбек еткен нар тұлға» атты салтанатты іс-шара өтті

Отырар ауданының орталығы Шәуілдір ауылында ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Әбілқасым Құлымбетовтың 80 жасқа толуына «Елім деп еңбек еткен нар тұлға» атты салтанатты іс-шарасы өтті. Шараға келген көпшілік алдымен «Ұлы даланың ұлы тұлғалары» кітап көрмесін тамашалап, аудан тарихынан сыр шертетін тарихи фотолармен танысты.

Осы RSS каналға жазылу