Созақ ауданының жастары «Үздік еңбек жасағы» номинациясын иеленді

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастарды еңбекке баулу, уақытша жұмыспен қамту және қоғамдық белсенділігін арттыру мақсатында жүзеге асырылған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасының 2026 жылғы еңбек маусымы қорытындыланды.

Шымкентте жаңа оқу жылы басталды: 405 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттады

Шымкент қаласында жаңа оқу жылы басталып, 405 мыңға жуық оқушы мектеп партасына отырды. Олардың ішінде шамамен 29 мыңы биыл алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер. Оқу жылының басталуына орай қала мектептерінде білім күніне арналған салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік тілектері айтылды.

Созақ ауданындағы әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың барысы талқыланды

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Созақ ауданына жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарындағы жұмыстардың барысымен танысты.

«Ордабасы» футболшылары жанкүйерлерді Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Шымкент қаласында еліміздің саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі – Құрылтай сайлауына жұртшылықтың белсенді қатысуы жалғасып жатыр. Бұл маңызды науқаннан спорт саласының өкілдері де шет қалған жоқ. Атап айтқанда, Шымкенттің намысын абыроймен қорғап жүрген «Ордабасы» футбол клубының ойыншылары Құрылтай сайлауында өз таңдауларын жасау үшін Қажымұқан атындағы Орталық стадионда орналасқан №90 сайлау учаскесіне келді.

«Машат Арасан» балаларды жаңа маусымға қабылдады

Шымкентте балалардың жазғы демалысын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыруға мүмкіндік кеңейіп келеді. Қала меншігіне өткен «Машат Арасан» балалар лагері жаңа маусымдағы алғашқы он күндік ауысымын бастап, 15 тамыздан 281 баланы қабылдады. Табиғаты көркем Машат шатқалында орналасқан лагерьде балалар жазғы демалысын пайдалы әрі қызықты өткізіп жатыр.