Сауран ауданында кәмелетке толмағандардың қауіпсізідігі мен құқықтық тәртіп мәселелері талқыланды

Сауран ауданында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған қылмыстардың, құқықбұзушылықтардың, суицидтің және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелеріне арналған мәжіліс өтті. Жиында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапты мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

Сауран ауданы: тыйым салынған орындарда суға шомылған азаматтарға әкімшілік шара қалданылды

Сауран ауданында суға түсу маусымына байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шаға, Оранғай және Ескі Иқан ауылдық округтерінің аумағындағы өзен-көлдер мен су айдындарында кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 53 құқық бұзушылық анықталды

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында қоғамдық орындарда тазалықты сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында құрылған мобильді топтың қатысуымен кезекті рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Шымкент: Ескертілген адам сақ жүреді

Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық үйінде Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқармасының ұйымдастыруымен азаматтық қоғам өкілдері, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен кездесу өтті.

Сауран ауданында мал ұрлығының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сауран ауданының Шорнақ ауылдық округінде мал ұрлығының алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және төрт түлікті қараусыз жаюдың алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кең көлемді ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды.

Сауран ауданында Конституцияның жаңа басылымы депутаттарға табыс етілді

Сауран аудандық мәслихатының кезекті сессиясы аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымын аудандық мәслихат депутаттарына салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Сауран аудандық мәслихатының төрағасы Сержан Байсбаев, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сауран ауданында полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Сауран ауданында 23 маусым – Қазақстан Республикасы Полиция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Алмат Абидинов құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ішкі істер саласының ардагерлері және сала өкілдері қатысты.

Шымкентте Қазақстан полициясы күні салтанатты түрде аталып өтті

Шымкент қаласындағы Қызғалдақ сарайында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам өкілдері және қала тұрғындары қатысты. Іс