Тауықтың түсіне – тары, аппарат басшысының түсіне тирдің оғы кіреді

«Тарихқа бай аудандардың бірінің аппарат жетекшісін осы ауданның ауыл әкімдері жабылып, быт-шытын шығарып тастапты» дейді ұзынқұлақ. Халықпен есепті кездесуден кейін шүкіршілік ретінде дастарқан жайылып, бұл жазған сол жерде арақ ішіп, өзі тиіскен дей ме, бірдеңе. Содан миы шайқатылған ба, жолыққан адамдарға «Шіркін-ай, баяғы жұмысымда істеп жүрген кезім болса, хайуандарды тирдің оғымен-ақ жусатып салар едім...» деп көзіне жас алатын көрінеді. Түсіне тышқанның боғындай-тышқанның боғындай тирдің оқтары кіріп жүр екен.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін басқаруға кім лайықты?

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Жұмахан Мырхалықов былтыр сәуір айында пайғамбар жасқа толған-тын. Алайда Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Жұмекеңнің еңбегін бағалап, ғалымдығына құрметпен қарады ма, зейнетке шыққан бетте-ақ иығына шапан жауып, арқасынан қағып шығарып салуды кейінге қалдырды. Соңыра «Келісімшартты бір жылға созыпты» деп естідік. 

Әкімнің көңілдесі әкімдіктегілердің ығырын шығарыпты

«Пәленше деген әкімнің ашынасы бар екен» дейтін әңгіме елді елең еткізбейтін болып барады. Алайда, ашынасы өзі басқарып отырған әкімдіктің аппаратында жұмыс істейтін болса, әңгіме басқа. Ұяты аздау, беті қалыңдау болса, нақсүйерінің билігін пайдаланып, ол әйел жан-жағына зәрін төгіп, әкімдік қызметкерлерін басынуға көшуі мүмкін. Сөйтіп, әкімдіктен де, әкімдіктегілерден де береке кетеді.

Есірткідей елітетін дәріні сатқаны рас па?

«Ел құлағы елу» ғой. Ұзынқұлақтардың да естімейтіні жоқ. Күнгей облыстардың біріндегі аты дардай ауруханада наркотикке ұқсас дәрілік зат саудаланыпты-мыс. Брюзепам дей ме, бірдеңе. Білгіштердің айтуынша, «ДВД-да» есепте тұратын ол препаратты тек жағдайы ауыр науқастарға ғана егуге рұқсат етілетін көрінеді. 

ОҚО мәдениет басқармасын кім тізгіндейді?

Сөйтіп, Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасын бір жыл тізгіндеген Нұрболат Ахметжанов қызметінен кетті. Әрине, жұмыссыз қалған жоқ. Бүгін «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 

Шенеуніктің адам қаққаны рас па?

Күнгей облыстардың біріндегі әжептәуір шенеунік биыл сәуір айының басында іргелес өңірге сапар шегіп қайтыпты. Ұзынқұлақтың айтуынша, тектен-тек емес: Астанадан өзінен өткен бір дөкей сол жаққа келетін болған соң, қонақжайлылық танытып, қошемет көрсетпек ниеті болған көрінеді. 

Сайрамдық журналист Сайрамның «замәкімдігін» сұрап жүр ме?

Соңғы жылдары Сайрам жақтан шыққан журналистердің қызметте бағы жанып тұр. Олай дейтініміз, осы өңірден шыққан бір журналист былтыр Мәжіліс депутаттығына дейін өсіп кеткен болатын. Өкіметтің қызметін аяймыз ба? Өссін, өнсін.