Шымкентте 111 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

2024 жылы Шымкентте құрылыс саласы жаңа деңгейге көтерілуде. Биыл 163,07 млрд. теңгеге 114 жоба жүзеге асырылып, 111 нысан жыл соңына дейін тапсырылмақ. Бұл біздің қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға арналған үлкен қадам.

Шымкентте қос кітаптың тұсауы кесілді

Шымкент қаласындағы Әл Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында белгілі ақын Әкім Ысқақтың «Темір генерал» кітабының және Ғалымжан Битұрсынның «Өмірді сүй. Адамды құрметте» атты жинағының тұсаукесері рәсімі өтті.

Елімізде «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді

3-7 қыркүйек аралығында елімізде Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтеді. Оған шет мемлекеттерден 10-жуық команда қатысады. Отандық командалардың саны 9. Қазіргі уақытта қатысушыларды тіркеу аяқталды.

Шымкентте спорттың 74 түрі дамуда

Қазірде Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты 33 спорттық ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде 16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебі, 2 жоғары спорт шеберлігі мектебі, 1 олимпиада резервін даярлау орталығы, 2 кәсіби спорт клубы, 3 спорт клубы, 1 дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері, 1 спорт ғимараттар дирекциясы, 1 су-спорт кешені және 4 мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы спорт нысандары. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мықтыбеков Маратбек Саменбекұлы баяндады.

Шымкент: Жылу желілеріндегі апаттар 29,4 пайызға азаяды

«Қуатжылуорталық-3» МКК-ның Қожанов және Темірқазық көшелерінің қиылысындағы жылу желілерін қайта жаңарту бойынша пресс-тур өтті. Бұл баспасөз туры Шымкент қаласындағы жылу жүйелерін жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысуға және олардың маңыздылығын атап өтуге бағытталған.

Белгілі болғандай, Шымкент қаласында 2022-2026 жылдар аралығында жылу жүйелерін жаңартуға бағытталған Инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылуда. Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Шымкент қаласы әкімдігі бірлесіп іске асыруда. Аталған бағдарламаға жалпы сомасы 81 878,21 мың теңге қаржы қарастырылған.

2023 жылы бағдарлама аясында 440 метр жылу желісі қайта құрылды, ал 2024 жылы мемлекеттік сатып алу бойынша 480 метр жылу желісі жаңартылды. Үнемделген қаржы есебінен қосымша жылу желілерін ауыстыру жоспарлануда.

Мамандардың айтуынша, инвестициялық бағдарламаны іске асыру нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттардың саны 29,4%-ға азайып, ысыраптар көлемі қысқарып, жылу энергиясын беру сапасы айтарлықтай жақсарады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесіп, жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау саласындағы инвестициялық бағдарламаның орындалу барысымен танысу мақсатында баспасөз турын ұйымдастырды.

«Қуатжылуорталық-3» МКК Шымкент қаласындағы жылу жүйелерінің 100%-ына қызмет көрсетеді, жылу энергиясын өндіруші, беруші және жабдықтаушы болып табылады. Қазіргі уақытта қалада 2 306 көпқабатты тұрғын үй, 287 бюджеттік мекеме (мектептер, балабақшалар, ауруханалар) және 248 заңды тұлға жылумен қамтамасыз етілген.

Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы 880,542 шақырымды құрайды, оның 823,842 шақырымы «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның балансында, ал 56,7 шақырымы «Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне тиесілі.

Шымкенттен Солтүстікке қоныс аударушыларға 70 АЕК мөлшерінде қаржылай қолдау көрсетіледі

Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарының өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесіп, ерікті түрде қоныс аудару және өңіраралық жұмыспен қамту бағдарламалары туралы ақпарат берді.

Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экоакция өтті

Бүгін Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Шымкент қаласында жалғасын тапты.

Экологиялық іс-шараларға қаланың шеткі аймақтарындағы елді мекендердің тұрғындары, Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудан ардагерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар қатысты.

Шымкент: Тазалықты сақтау – баршаға ортақ міндет

Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысуынан да байқауға болады.

«Таза жағалау» экологиялық іс-шарасына қатысушылар Шымкенттегі Қошқар ата өзенінің бойын тазалады

Бүгінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы бүкіл қоғам тарапынан қызу қолдауға ие болып отыр. Елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, жас ұрпақтың бойында туған жерге, өзі тұрып жатқан қала мен елді мекенге деген жанашырлық сезімін қалыптастыруға бағытталған бұл бағдарламаны көпшілік ыстық ықыласпен қабылдап жатыр.