Шымкент әкімі әлем чемпионатының жүлдегерін қабылдады
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жастар арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Талғат Орынбасар мен оның жаттықтырушысы Самат Сапишевті қабылдады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жастар арасындағы дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Талғат Орынбасар мен оның жаттықтырушысы Самат Сапишевті қабылдады.
Республика күні қарсаңында Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Базарқақпа, және Өтеміс тұрғын алаптарында төрт жаңа мәдениет үйі салтанатты түрде ашылды. Жергілікті тұрғындардың өтініштерін ескерген қала әкімі нысандар құрылысын қолға алуды тапсырған болатын.
Мегаполис басшысы жаңа нысандардың ашылуына қатысып, маңыздылығына тоқтала отырып, тұрғындарды алдағы мереке-Республика күнімен құттықтады.
- Мәдениет үйлері түрлі іс шаралар ұйымдастыратын, бос уақытты тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орынға айналады.Мәдениет саласы - басым бағыттардың бірі. Мемлекет жаңа шығармашылық алаңдар құруды және дарынды жастарды қолдау жұмыстарын жалғастырады, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ, мегаполис басшысы тұрғындарды оқуға, өнерге, спортқа және салауатты өмір салтын ұстануына, балаларды тәрбиелеуге көп көңіл бөлуге шақырды.
- Балалардың гаджеттерге жұмсайтын уақытын шектеу және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау өте маңызды. Олармен бірге кітап оқып, пікір бөліскеніміз - болашағымыз үшін игі қадам — деді ол.
Өз кезегінде шымкенттіктер мегаполис басшысына өзекті мәселелерді шешіп, мәдени нысандарды қолға алғаны үшін алғыс білдірді.
Самарқан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері басшыларының төрағалығымен «Қазақстан – Өзбекстан» өңіраралық ынтымақтастықтың кезекті форумы өтті.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Еңбекші ауданының 2024 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі айтты.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы 22 800 гектар аумақты қамтып, 228 830 тұрғыны бар. Ауданда 18 тұрғын алап пен 11 шағынаудан орналасқан. Мұнда 728 көше мен өткел, 2 саябақ, 3 гүлзар, 283 көпқабатты және 37 061 жеке тұрғын үй бар. Бұл туралы бүгін Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы баяндады.
Бүгін Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық неміс этномәдени бірлестігінің мүшелері мен «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері басқосып, жазушы, әдебиеттанушы, аударшамы, публицист Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай, «Герольд Бельгердің әдеби мұрасы: Қазақстан және әлем әдебиетіне қосқан үлесі» тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісін өткізді.
Шымкентте бір ғана сейсмикалық станция бар. Бірақ оның өзі күрделі жөндеуді талап етіп отыр. Құрылғылары ескіріп, ғимаратының тозығы жеткен. Бұл мәселе қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында талқыланды. Сондай-ақ 7 балдық жер сілкіну қауіпі бар қаладағы тұрғын үйлердің сейсмикалық жағдайы айтылды.
Бүгін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың 120 жылдығына арналған «Нұртас Оңдасынов – тарих және тұлға» атты ғылыми-практикалық конференция өтті.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында екі кішкентай баласы бар отбасының өмірін аман алып қалған қарапайым дәнекерлеуші Ермахан Маңқараевты салтанатты түрде марапаттады. Қала әкімі қайғылы оқиғаның алдын алған газ қызметкерінің қырағылығы мен кәсібилігін атап өтіп, алғысын білдірді.
Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық флешмоб өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырған. Жалпы, аумағындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 300 оқушысы қатысқан жиында рухты әндер айтылды, домбырамен күй шертілді.