Түркістан облысы: Мақтааралдықтарға атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы түсіндірілді

Бүгін Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мақталы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, көп балалы аналармен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, төрағалық жасады. Кездесу барысында Әсия Құралқызы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы түсіндіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға ынта-ықыласымен жауап берді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында 2020 жылдан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері түсіндірілді

Бүгін Түлкібас ауданына Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева бастаған ақпараттық-насихаттық топ келіп, 2020 жылдан бастап іске асырылатын атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Әлеуметтік қызметтер порталы» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында жәрдемақымен құс шаруашылығын ашқан әйел тұрады

Алты баланың анасы Мақпал Маймақова атаулы әлеуметтік көмекке биыл құжат тапсырып, ә дегенде 200 мың теңге алған. Түскен ақшаға жұмыртқадан балапан шығаратын инкубатор аппараттарын сатып алыпты. 

Шымкентте әлеуметтік төлем 14 пайызға артты

Шымкент қаласы Ішкі саясат және дін істері басқармасының Ақпараттық коммуникациялық орталығында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті. Жиында департамент басшысы Аманжол Нұрсейітов атқарылған жұмыс барысын баяндай келе, 2019 жылдың 9 айында 109 тексеру тағайындалғанын атап өтті. 

Шымкентте атаулы әлеуметтік көмек алғандарды тексеріп жатыр

Бұл туралы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада айтылғандай, қабылданған өтініштердің саны 2018 жылмен салыстырғанда (10,8 мың отбасы) 6,7 есеге артқан. 

Осы RSS каналға жазылу