Түркістан облысы: Бәйдібек ауданында егістік көлемі 93 мың гектардан асты

Түркістан облысының әкімі жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды. Өмірзақ Естайұлы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 

Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізілген

Бәйдібек ауданында егіншілікпен айналысатын кооперативтердің 90 пайызы электронды картаға енгізіліп, мемлекеттік жеңілдіктерді алып жатыр. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Күмісбек Ахметовтың айтуынша, бұл бастама "Цифрлы Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған.

Бәйдібек ауданында 20 тұрғын үй пайдалануға берілді

Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 55 гектар жер теліміне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды. Аталған жер телімдері Шаян ауылдық округінде кезекте тұрған 326 тұрғынға беріледі. Бұл жер телімдерінде автожол, аяқ жол төселіп, суағарлар мен электр бағаналары және ауыз су жүйесі орнатылған. Яғни, тұрғындарға жағдай жасалған.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында көшелері жарықтандырылыған ауылдардың саны артып келеді

Түркістан облысындағы Бәйдібек ауданында бағаналар орнатылып, көшелері жарықтандырылған елді мекендер саны артып келеді. Бүгінде ондағы Борлысай ауылдық округіне қарасты Ақтас, Қошқарата және Кеңсай елді мекендерінің көше шамдары жарқырап, түн көрінісі тиісті талаптарға сәйкестендірілген.

Осы RSS каналға жазылу