Шымкентте Көші-қон қызметі орталығы ашылды

Көші-қон қызметі орталығы халықтың өтініші негізінде ашылып отыр. Орталықты ашудың мақсаты - шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және азаматтардың күту уақытын қысқарту (3-5 күннен 1 күнге дейін). Бұл орталықта шетелдіктерді уақытша рәсімдеу және жеке тұлғаларға жұмысқа келген еңбек мигранттарына рұқсат беру туралы жұмыс жүргізіледі.

Осы RSS каналға жазылу