Түркістан облысы: Түлкібас ауданының ашық біріншілігі өтті

Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы орталық стадионда 26 маусым– Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күні мерекесіне орай 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан Түлкібас ауданының ашық біріншілігі өтті. Аталған іс-шара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және Түлкібас аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Әкем, Анам және Мен» отбасылық жарысы ұйымдастырылды

Т. Рысқұлов ауылындағы аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Есірткісіз жарқын болашақ» ұранымен «Әкем, Анам және Мен» атты тақырыпта отбасылар арасында аудандық толағай жарысы өткізілді. Жарыс аудандағы 3 спорт мектебінде еңбек ететін қызметкерлердің отбасылары арасында өтті. 

Түркістан облысы: Түлкібастықтар өздерінің Арыспен бірге екенін дәлелдеді

Бүгін Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы «Жеті қазына» демалыс орнында ұлттық домбыра күніне орай «Түлкібастықтар – Арыспен бірге!» атты ауқымды акция ұйымдастырылды. 

Түркістан облысы: мемлекеттік қызметшілер қайырымды іс жасады

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Жақсылықтың басы – қайырымды іс» атты қайырымдылық шарасы өтті. 

Өз баспаханасы бар аудандық газетті іздесеңіз, Түлкібасқа келіңіз

Құдайшылығын айту керек қой, құрылтайшылары аудан-қала әкімдіктері саналатын және сол жергілікті биліктің ақпараттық саясатын жүргізіп отырған басылымдардың ішінде басыбайлы баспахана тұрмақ баспанаға зәрулері де баршылық. Өзінің ғимараты болмаған соң, талай редакция ұжымының көшіп-қонуға мәжбүр екенін көзіміз көріп жүр. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық, бірақ терең тарихы бар кейбір газеттер әбден тозығы жеткен нысанның бөлмелерін жалдап немесе әкімдіктің бір ғимаратының бұрышын сағалап, оқырманға жол тартып келеді. Ал Түлкібас ауданының «Шамшырақ» қоғамдық-саяси газетін бағы жанғандардың қатарына ұялмай-ақ қосар едік. 

Осы RSS каналға жазылу