Түркістан қаласында дін мен дәстүрдің сабақтастығы түсіндірілген семинар өтті

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің семинары өтті. Шарада ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру мен қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру жайы сөз болды. 

Осы RSS каналға жазылу