Super User

Super User

Шымкент қаласының әкімі: Әр әкім өз ауданындағы жағдайдан хабардар болып отыруы керек

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжіліс өтті. Онда коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелер, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

«Шымкент сити» саябағында биіктігі 100 метр ту тұғыры орнатылады

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында Абай ауданындағы А-2 айналма жолының бесінші кезеңін және Өтегенов көшесінің жалғасын салу жұмысымен танысты. Жүргізіліп жатқан жұмыс барысымен танысқан соң, жол көлік кептілісін оңтайлы реттеу мақсатында салалық басқарма мен мердігер ұйым басшыларына нысанды белгіленген мерзімде тапсыру үшін жұмысты екі ауысымда ұйымдастыруды тапсырды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін А-2 жолы бойындағы аумақты абаттандыру, бағдаршам және жол белгілерін орнату бойынша бірқатар міндеттер қойылды.

Шымкент: Жеке бастамалар арқылы 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Жанат Өтебаева халықты жұмыспен қамту шараларына тарту барысын баяндады.

Осы RSS каналға жазылу