Шымкент: Медицина күніне орай «AMANAT» партиясы атынан сала үздіктері марапатталды

Елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі – Медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл – адам өмірі мен денсаулығын сақтауға өлшеусіз үлес қосып жүрген сала мамандарына көрсетілген зор құрметтің белгісі.

Сәулелік терапия кабинеттеріндегі радиациялық қауіпсіздік – ерекше бақылауда

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы сәулелік диагностика және терапия кабинеттерінде радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтау пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және халықтың денсаулығын қорғаудың басты шарттарының бірі екенін ескертеді.

МӘМС-ке қатысты сауал көп

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында Үкіметке жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізетін жаңа жүйе әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл бастама денсаулық сақтау саласындағы ашықтықты арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын нақты әрі әділ бағалауға бағытталған маңызды қадам екені белгілі.

Шымкентте миллионнан астам адам МӘМС шеңберінде медициналық қызмет ала алады

Шымкент қаласында медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Соңғы бір жылда медицина саласын қаржыландыру көлемі 18,2 пайызға өскен және МӘМС жүйесі енгізілгелі медициналық мекемелердің саны едәуір артқан.

Түркістан облысы: еңбек құқықтары мен қауіпсіздік мәселелері пысықталды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков өңірде электронды еңбек шарттарын тіркеу, міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы аудару және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру мәселелеріне арналған маңызды жиын өткізді. Жиында еңбек қатынастарының ашықтығы мен азаматтардың әлеуметтік қорғалу заңдылығын қамтамасыз ету жайы талқыланып, нақты көрсеткіштер сараланды.

Баланың дұрыс дамуына бағыт бағдар беретін кабинет

Елміздегі барлық қалалық емханалардың жанынан даму және ерте араласу кабинеттері ашылып, қарқынды жұмыс жасауда. Дәл сондай кабинеттің бірі № 2  қалалық емханасында да бар. Даму орталығының басты мақсаты – ананың   амандығымен  сәбинің  саулығы дейді осы бөлменің медбикесі Шазимова Дилраба.

Есірткіге қарсы күрес пен қоршаған ортаны қорғау – Шымкенттегі маңызды бастамалар

Шымкент қаласында жастарды зиянды әдеттерден қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында «Есірткісіз қала» және «Таза Қазақстан» акциялары ұйымдастырылды.

№2 қалалық емхананың психологтары: «Біздің мақсатымыз - әрбір азаматтың денсаулығы мен амандығы»

Шымкенттегі тұрғыны көп ауданның бірі – Тұран ауданы. Сәйкесінше осы ауданға қарасты № 2 қалалық емханаға тіркелген пациенттердің де қарасы басқа емханалармен салыстырғанда едәуір көп. Аталмыш, емхана тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі  және МӘМС жүйесі аясында сапалы алғашқы медико-санитарлық көмек көрсететін замануи профильді емдеу мекемесі болып табылады. Пациенттері көп емхананың жұмысы да шаш етектен болары сөзсіз. Бірақ, мекеменің білікті де білімді мамандары үлкенді-кішілі емделушілері үшін тізе бүкпей жұмыс істеуге әрқашан да дайын. Әсіресе, осы бір күйбелеңге толы,  стресс, депрессия, апатия мен түрлі факторлар жан жағыңнан қаумалаған заманда № 2 қалалық емхананың әлеуметтік-психологиялық қолдау қызметіне артылатын жүк екі есе.