Түркістан облысы: Арыс қаласын қалпына келтіруге арналған аппараттық жиын өтті

Бүгін Арыс қалалық әкімдігінің мәжіліс залында Арыс қаласын қайта қалпына келтіруге арналған аппараттық жиын өтті. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төрағалық еткен жиында облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметов әр сектордағы құрылыс жұмыстарына тоқталды. 

Түркістан облысы: Арыста 6924 үйдің құрылысы бітті

Арыс қаласында құрылысы толық біткен баспаналар 90,7 пайызға жетті. Жарылыстан зардап шеккен шаһарды қалпына келтіру кесте бойынша жүргізілуде. Бірақ бүгінгі таңда үй егелерінің келісім бермеуіне байланысты 53 баспанада құрылыс басталмаған. Бұл туралы журналистермен болған баспасөз мәслихатында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Арыстағы үйі жарамсыз болып қалған тұрғындарға 800 орындық уақытша лагерь дайындалды

Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын жою, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өтті. Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Ермиян Биятов және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев соңғы мәліметтерді жариялады. 

Түркістан облысы: Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды

Бүгінде Арыс қаласы мен жарылыс орын алған әскери қоймада оқ-дәрілерді тазалау және қаланы дезинфекциялау шаралары толығымен аяқталып, үйлеріне оралған тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мен дәрігерлер, төтенше жағдай департаменті мен құзырлы органдар толығымен жұмылдырылған. 

Осы RSS каналға жазылу