Түркістандық шаруалар Астанада өтетін жәрмеңкеде 500 тоннаға жуық өнім ұсынбақ
Ағымдағы жылы қыркүйек айының 22-23 күндері Түркістан облысының тауарөндірушілері Елордада ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесін өткізеді. Астана қаласының 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған шараға жалпы құны 201 млн. теңгені құрайтын 496 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылмақ.