Түркістан облысының делегациясы Өзбекстанның кәсіпорындарын аралап, келіссөздер жүргізді

Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өндірісті дамыту, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің өндірістегі тәжірибелері зерттеліп, келіссөздер жалғасуда. Түркістан облысының делегациясы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд, Жызақ өңірлеріндегі мата-тоқыма кәсіпорындары басшыларымен кездесіп тәжірибие алмасты.

Түркістан облысы: Созақ ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу мен мемлекеттік қызметшілердің әдептілік талаптары талқыланды

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімі аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Абдуахат Бакиров және ауылдық округтер мен кент әкімдері Жартытөбе ауылына барып, онда жаңадан кәсібін ашқан азаматтардың жұмысымен танысты.

Түркістан облысы: Созақтағы Жартытөбе ауылының тұрғындары алкогольді ішімдік сатудан түбегейлі бас тартты

Аудан орталығына іргелес орналасқан Жартытөбе ауылы денсаулыққа зиянды өнімнің бірі болып саналатын алькогольді ішімдікті сатудан бас тартып, ауыл қариялары өскелең ұрпақты салауатты өмірге қалыптастыруды жөн санаған.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Түркістан облысын дамыту бағытында тұрғындардың ұсыныстары ескеріледі. Сондықтан облыс әкімі мен орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес өңір халқын жеке қабылдап, ұсыныстарын қарауда. Бұл жолы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов тыңдады.

Түркістан: ботаникалық бақтағы 15 гектар жерден 30 тонна өнім жиналады деп күтілуде

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың базасында орналасқан бірегей ботаниқалық бақ – аймақ үшін баға жетпес байлық. Бүгінде 88 гектар аумақты алып жатқан ботаниқалық бақта декоративті және жеміс талдарының 150-ге жуық түрі мен сорты бар.

Түркістан облысы: Мақтааралдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланып, аймақтың мәселелері талқыға түсті

Түркістан облысында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықты әлеуметтік жұмыспен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тұрақты бақылауында.

Түркістанда «Neke tour» республикалық байқауы ұйымдастырылды

Түркістан қаласында «Neke tour» республикалық байқауы өткізілді. Биыл екінші рет қатарынан ұйымдастырылған байқауға 100-ге жуық жұп өтінім жіберді. Байқауға ресми некедегі және өтініш берерде неке қию туралы куәлігі бар, жасы 18-ден асқан жұбайлар қатысты. Іріктелген 20 жұп «Шаңырақ», «Махаббат», «Ару», «Жанұя» номинацияларымен марапатталып, ұйымдастырушылар тарапынан түрлі сыйлықтарға ие болды.

Түркістан облысы: кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Облыстық құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау және білім саласының өкілдері, сонымен қатар комиссия мүшелері, аудан, қалалардағы комиссия төрағалары мен хатшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысқан жиында үш мәселе қаралды.

Түркістан облысында «Үлгілі ауыл» жобасы жүзеге асуда

Республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы Түркістан облысында қарқынды жүруде. Акция аясында таяуда Арыс қаласында сенбілік өтіп, шараға қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, қала жастары атсалысты.