Super User

Super User

Шымкентте мерейтойлық шаралар қала мәдениетіне жаңа серпін беруде

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы - Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлы БАҚ өкілдеріне басқармасының 2024 жылдың 1 жартыжылдығындаатқарғанжұмысқорытындыларытуралы айтып берді.

2024 жылы Шымкентте ауқымды мәдени іс-шаралар өтеді

2024 жылы Шымкентте ауқымды мәдени іс-шаралар қарқын алып, қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени мерекелер ұсыну жалғасуда. Соңғы алты ай ішінде 16 ресми және мәдени көпшілік іс-шаралар өткізіліп, шамамен 30 000 көрермен тартылды. Ал басқармаға қарасты өнер мекемелерінде 3 169 шара ұйымдастырылып, 1,6 миллионнан астам келушілер қатысты. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы - Орынтаев Бауыржан Орынбасарұлы баяндады. 

Шымкентте 5 мәдениет үйі аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде

Мәдени іс-шараларды сапалы өткізу мақсатында «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК-на қарасты елді мекендерде орналасқан 5 мәдениет үйі мен 5 клуб ғимараты штатымен қоса аудан әкімдіктерінің теңгеріміне өткізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев айтты.

Шымкентте 330 инвестициялық жоба іске асырылмақ

2024 жылдың қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша қала экономикасына 324.7 млрд теңге тартылды. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артты. Жыл соңына дейін 928,7 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда, бұл көрсеткішті былтырғы жылмен салыстырғанда 28,1%-ға арттыру күтілуде.

Осы RSS каналға жазылу