Super User

Super User

Түркістан қаласындағы білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы тексерілді

Түркістан қаласының білім мекемелерінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бөлімге қарасты 34 мектептің ішінде 4 мектепке күрделі жөндеу, 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болса, 23 мектепте ағымдағы әрлеу жұмыстары атқарылды.

Түркістан қаласының білім мекемелері «Таза Қазақстан» экоакциясына белсене атсалысуда

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға Түркістан қаласының білім бөлімі де өңір жұртшылығымен бірлесе атсалысып жатыр.

“Аэс - жасыл экологияға жол”

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен “АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы” атты жиын өтті.

 Жиынның мақсаты атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін, пайдасын, болашағын жастарға жете түсіндіру болды. Лекцияға түрлі салада білім алып жатқан жастармен қатар университет ғалымдары, сарапшылық топ мүшелері қатысты.

Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сайпжамал Қорғанова “АЭС - жасыл экологияға жол” тақырыбында баяндама жасап, АЭС салудың еліміз үшін маңызын жеткізді. Сондай-ақ профессор Халима Сартаева бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды. Жастар да ашық әңгімеге араласып, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында қатысушылар АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысуға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Осы RSS каналға жазылу