Түркістан облысының дәрігерлері бір айлық нәрестенің өмірін аман алып қалды

Бір айлық нәресте шұғыл түрде ауыр халде Түркістан облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылған. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, дәрігерлер баладан жүректің туа біткен ақауы мен асқазан ішек жолдары және өңештегі тесік жарықтары барын санаулы уақыт ішінде зерттеп, анықтаған.

Шымкент: Сауда орталықтарында санитарлық талап қатаң

Мегаполистегі дүкендерде санитарлық талап күн тәртібінен түспеген. Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қызметкерлері азық-түлік сататын нысандарды жіті назарда ұстап отыр. Бұл жолы сала мамандары ірі сауда орталықтарының санитарлық жұмыстарын саралады. 

Түркістан: COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 74-ке жетті

23 сәуірдегі мәліметке сәйкес, Түркістан облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны тағы да 7 азаматпен толығып, облыста жалпы 74 науқас тіркелді.

Атап айтқанда, Созақ ауданы, Таукент ауылының 1980 ж. тұрғынынан коронавирус инфекциясы расталды.

Түркістан: Ауруханаларда залалсыздандыру өткелдері орнатылды

Түркістан қалалық және Сайрам аудандық орталық ауруханалар залалсыздандыру өткелдерін орнатқан алғашқы емдеу мекемелері. Дезинфекциялық дәліз қабылдау және босану бөлімдерінің кіреберістеріне орнатылған. Бұл бүркеу қондырғыларының тиімділігі мол.

Шымкентте залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Бұл туралы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы хабарлады. Басқарма басшысының орынбасары Болат Малимовтың айтуынша, Шымкентте бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады.