Шымкент: Тұрғындарға 20 мың медициналық бетперде тегін таратылды

«Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс». Осылай деп Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ұсыныс айтқан болатын. Осы бастамаға Шымкенттегі «Mega Pharma» компаниясы алғашқылардың бірі болып қолдау білдірді. Кәсіпорын өкілдері еріктілермен бірге қала тұрғындарына тегін бетперде таратты. 

Шымкентте дезинфекция жұмыстары күшейтілді

Бұған дейін еліміздің үшінші мегаполисінде коронавирус жұқтырудың 2 фактісі анықталса, республика бойынша жалпы көрсеткіш 109-ға жетті.  Қауіпті індеттің алдын алу үшін төтенше жағдай жарияланып, қазіргі таңда күнделікті тыныс-тіршілік барысында аса қажеттілік туындамаса, тұрғындарға үйінен шықпауға кеңес беріліп жатыр. 

Шымкентте автобекеттер жабылды

Шымкент қаласынан індеттің таралуына жол бермеу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалааралық жолдарға қатынайтын автобустар тоқтатылып, автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды. 

Түркістандық дәрігерлер COVID-19 инфекциясынан сақтану жолдарын түсіндірді

  

Облыстық клиникалық ауруханасымен қатар өңірдегі барлық медициналық ұйымдар пациенттерді қабылдауға дайын, қажетті дәрі-дәрмектермен қамтылған,-дейді облыстық клиникалық ауруханасының инфекционист-дәрігері Татьяна Қасымова.

Түркістан облысындағы емдеу мекемелері коронавирустың таралуына жол бермеу шараларын күшейтті

Емдеу мекемелері жаппай карантинге көшкен. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Жанболат Ділдәбеков пен Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Гүлбану Сыздықова әлемді дүрліктірген пандемияға қатысты  сақтық шаралары туралы мәлімдеді.  

Түркістанда медициналық сақтандыру жүйесі түсіндірілді

«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалы және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен халықтың медициналық сақтандыру жүйесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысында короновирусқа қарсы барлық шаралар қолға алынуда

 

Түркістан облысында коронавирус дертіне шалдыққан азаматтар жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев хабарлады. Брифингке облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов қатысты.

Түркістанда өңеш қан тамырларына алғаш рет операцияның жаңа түрі жасалды

Түркістан қалалық ауруханасында өңеш қан тамырларына алғаш рет операцияның жаңа түрі жасалды. Білікті дәрігерлер екі күн бойы осындай операцияны 6 науқасқа жасап, өңештегі қан тамырларының жарылуынан қан кету процесінің алдын алған.