Түркістан: жастарға АИТВ-ның алдын алу жайы түсіндірілді

Статисткаға сүйенсек Түркістан облысында ағзадағы имун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны 532 адамды құрайды екен. Бұл тек ресми тіркеуге тұрып дәрігер бақылауына алынған адамдар туралы мәлімет. Шын мәніндегі көрсеткіш бұдан әлде қайда көп болуы мүмкін, дейді мамандар. Осыған алаңдаған қызметкерлер жастармен кездесіп қауіпті дерттің алдын алу жайын түсіндірді.

Түркістан: ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов іссапармен келді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Түркістан облысы, Кентау қаласының орталық ауруханасының жұмысымен танысты. ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев 35 жыл тарихы бар Кентау орталық ауруханасына барды.

Түркістан: «Денсаулық» пойызы 18 шалғай станция тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсеткен

«Денсаулық» медициналық пойызы Түркістан облысының 18 шалғай станция тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіп, бірқатар созылмалы ауруларды анықтады. Консультациялық-диагностикалық пойыз мамандары Қазақстанның әр аймағында спецификалық проблемалы аймақтарды анықтап жатыр. Осылайша, Түркістан облысының тұрғындары арасында жүрек-қан тамырларының созылмалы аурулары, остеохондроз,жарақаттан кейінгі энцефалопатиялар сияқты аурулар жиі кездесіп, сондай-ақ, әртүрлі дәрежедегі көру қабілеті бұзылған емделушілердің үлкен пайызы байқалған.

Түркістан: жедел жәрдем қызметіне 32 көліктің кілті табыс етілді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев аудандық және қалалық ауруханалар мен емханаларға 32 медициналық жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады. Жаңа автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралмен толық қамтамасыз етілген. Салтанатты шарада аймақ басшысы елімізде денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

Түркістанда «Денсаулық фестивалі - 2019» акциясы өтті

Түркістан қаласында «Денсаулық фестивалі – 2019» ауқымды іс-шарасы өтті. Осымен 20-мәрте ұйымдастырылған фестиваль «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 10 мыңға жуық қала тұрғындары және мекеме-ұйым қызметкерлерінің жаппай қатысуымен таңғы жаттығу жасаудан басталды.

Реализация реформ в Туркестанской областной службе скорой медицинской помощи

«С 1-го апреля 2019 года в Туркестанской области объединили все отделения и подстанции региона в областную станцию скорой медицинской помощи. На базе скорой медицинской помощи организован единый Call- центр, в который круглосуточно поступает вызова от населения области», передает ИА «AQ-QARA.KZ», ссылаясь на Региональную службу коммуникаций Туркестанской области. 

Түркістан жастары нашақорлыққа қарсылығын білдірді

Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орайТүркістан қалалық мәдениет үйінде арнайы шара өтті. Онда «Жастар нашақорлыққа қарсымыз» плакаттар және «Біз есірткісіз өмірді қалаймыз» атты көркем шығарма мен драмалық қойылым байқауы ұйымдастырылды.