АЭС МӘСЕЛЕСІ - ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Экономика көтеріледі, себебі, энергия болады. Зауыттар салынады, өнеркәсіп көбейеді. Энергияның бағасы азаяды. Жұмыссыздық азаяды, мамандар тартылады.Осының бәрі АЭС салынғанда болады екен. Бұның бәрі АЭС төңірегінде айтылып жатқан мәселе.

Сондықтан АЭС салу дұрыс шығар деп ойлаймын. 

Негізі осы тақырып көтерілгелі төмендегідей ақпаратқа қанық болдым:

 АЭС үлкен көлемде электр энергиясын өндіре алады, әсіресе халық саны көп аймақтар үшін маңызды. Сондай-ақ, атом электр станциялары парниктік газдарды аз шығарады, бұл климаттың өзгеруіне қарсы күресте маңызды рөл атқарады. Тұрақты түрде энергия өндіре алады, бұл жел немесе күн энергиясымен салыстырғанда маңызды артықшылық.

Жалпы, АЭС салынса энергетикалық тәуелсіздік, экономикалық тиімділік, технологиялық даму болады екен.

Менің айтарым, АЭС құрылысына қатысты шешім қабылдау барысында экологиялық, экономикалық және қауіпсіздік аспектілерін мұқият қарастырып, халықтың пікірін ескеру қажет. Бұл ұзақ мерзімді пайда мен ықтимал тәуекелдерді теңестіру үшін маңызды деп ойлаймын.  Ал референдум осы тұрғыдан алған бұл мәселеге нүкте қоятын болады.

“Аэс - жасыл экологияға жол”

Бүгін Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-де Шымкент қалалық ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың қатысуымен “АЭС: өзекті мәселелерді шешу жолы” атты жиын өтті.

 Жиынның мақсаты атом энергиясын дамытудың жан-жақты тетіктерін, пайдасын, болашағын жастарға жете түсіндіру болды. Лекцияға түрлі салада білім алып жатқан жастармен қатар университет ғалымдары, сарапшылық топ мүшелері қатысты.

Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Сайпжамал Қорғанова “АЭС - жасыл экологияға жол” тақырыбында баяндама жасап, АЭС салудың еліміз үшін маңызын жеткізді. Сондай-ақ профессор Халима Сартаева бейбіт атомның артықшылықтарына тоқталды. Жастар да ашық әңгімеге араласып, сұрақтарына жауап алды.

Жиын соңында қатысушылар АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдумға қатысуға қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Халықтық штаб мүшелері зауыт жұмысшыларымен кездесті

Қызылордада облысында өңірлік халықтық штаб өкілдері Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшылары және Талсуат ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Халықтық штаб өкілдері Талсуат ауылдық округінің тұрғындарымен жүздесті. Бұған дейін, штаб мүшелері Қызылорда қаласына қарасты Белкөл, Тасбөгет кенттері мен Қарауылтөбе ауылдық округінің тұрғындарына атом энергиясының маңыздылығы жөнінде кеңінен ақпарат берген еді.

Бүгінгі кездесу барысында жасыл энергия көзінің артықшылықтары кеңінен жеткізіп, ауыл тұрғындарын мазалаған сауалдарына нақты жауаптар берді.

«Жалпы бу-газ электрстансалары электр энергиясын өндіру үшін табиғи газды пайдаланады. Қазақстанда табиғи газ негізінен мұнаймен бірге өндіріледі, сондықтан газ өндіру көлемі мұнай өндіру көлеміне тікелей байланысты. Табиғи газ тасымалы Қазақстан энергетикасы үшін тұрақсыз сипатқа ие және елімізде табиғи газ өндіру көлемі жыл сайын 3%-ға қысқаруы байқалып отыр дейді сала мамандары. Бір жағынан газ биржалық тауар болғандықтан, оның бағасы үнемі өзгеріп отырады, бұл тарифтерге қатысты қиындық туғызады. Ал, электр энергетикасына ұзақ мерзімді және тұрақты отын көлемі мен бағаның тұрақтылығы қажет. Оның үстіне еліміз уран өндіруден және оның қоры жағынан алдыңғы қатарға жайғасқан. Сәйкесінше, атом энергиясын өндіруге ешқандай кедергі болмайды»,- деді табиғи газдан энергия өндіруге мәселесені қатысты тұрғындардың сауалдарына жауап берген штаб мүшесі Ержан Искендер.

Ауыл тұрғындары да энергияның қаншалықты қажет екенін жақсы сезінеді. Ауылшарушылығы өндірісін дамытуда қуат көзінің маңызы зор. Яғни  сенімді электр энергия болмаса, өндірсті жүйелі жүзеге асыруда екі талай.

Өз кезінде сөз алған штаб мүшесі Мейрамбек Есжанов атом энергетикасы ауылшаруашылығы саласына да зор септігін тигізетінін тілге тиек етіп, барлық салада дамудың жаңа мүмкіндігі екенін жеткізді.

Сондай-ақ, Қызылорда облысының Қазалы ауданында Халықтық штабтың төрағасы Ғазиз Әліш және штаб мүшелері: Арғын Орымбаев, Нұрлан Алмағамбетов пен Нұркен Ботабаев Қазалы локомотив жөндеу зауытының жұмысшыларымен кездесті. Аудандағы ірі өндіріс орны саналатын зауыт жұмысшыларымен АЭС-тің болашағы мен оның тиімділігі талқыланды.

«Элeктр энeргeтикaсы eл экономикасының тұрaқты дaмуынa нeгіз бoлaтын бірeгeй сaлa. Қaзіpдің өзіндe біздің eліміздe элeктp энeргиясының тaпшылығы бaйқaлaды. Энeргия көздeрінің жeтіспeуі aлдaғы уaқыттa ірі өндірістік oрындap үшін дe үлкeн мәсeлeге aйнaлуы мүмкін. Өйткeні, бoлжам бойынша елімізде энергия тұтыну көлемі тұрақты өсіп келеді. Осы тұста елімізде атом электр станциясының салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесінің бірден-бір шешімі болары сөзсіз», - деді штаб төрағасы Ғазиз Әліш.

Ал штаб мүшесі Арғын Орымбаевтың айтуынша, елімізде атом электр станциясын салу үшін барлық объективті алғышарттар орын алған. Атап, айтқанда уранның бай қоры, оны өңдеу мен өдіру үшін дамыған инфрақұрылым, сондай-ақ қуатты ғылыми база бар.

Жиын соңында штаб мүшесі, Қазалы локомотив жөндеу зауытының директоры Нұрлан Алмағамбетов еліміздегі АЭС қажеттілігі бойынша маңызды ақпарат алғанын айтып, ұжым болып қолдайтындығын білдірді.

Келешекке арналған жоба

АЭС туралы айта бастағанда, көлденеңдеп көп сауал алдымыздан шығады. Солай болуы заңды да. Бұрын-соңды жасап көрмеген ісіміз болған соң күмәндану – адами түйсікке тән құбылыс. Бірақ жөнсіз қорқынышқа жол берудің тағы орайы жоқ дейді кәсіби мамандар. Көпшілік айтып жүрген көп түйткілдің екеуі – АЭС-ке жауапты жергілікті мамандардың даярлығы және мәселенің экологиялық қыры жөнінде сарапшылар пікірін білудің сәті түскен еді.

Шымкентте Ұландық жауынгерлер отбасы күнін тойлады

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының екінші жексенбісі елімізде отбасы күні мерекесі ретінде тойланады. Оның басты мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту, дәріптеу, отбасынан бастау алатын адамгершілік, қайырымдылық, үлгенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты адам жанының асыл қасиеттерін ұрпаққа насихаттау.

Шымкент қаласының әкімі: Әр әкім өз ауданындағы жағдайдан хабардар болып отыруы керек

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжіліс өтті. Онда коммуналдық қалдықтарды басқарудағы өзекті мәселелер, жаңа жұмыс орындарын құру жоспарының қорытындысы мен санитариялық-эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

Шымкентте АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штаб құрылды

Шымкент қаласында саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер халықты АЭС-ті қолдауға жұмылдыру мақсатында бірікті. Халықтық штабтың алғашқы отырысында алдағы жұмыс жоспарлары бекітіліп, межелі мақсаттар нақтыланды.