Super User

Super User

Отырар ауданының әкімі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлерін құттықтады

Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, аудандық мәслихаттың төрағасы Уәлихан Ұзақов және аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы подполковник Мұхтар Әуезұлы мереке қарсаңында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлерінің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Қарт аналардың үйіне арнайы барған аудан басшылары ардақты жандарға сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Отырар ауданында алтын құрсақты аналарға төсбелгілер табысталды

Отырар ауданында 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы алтын құрсақты аналарды қабылдап, құрмет көрсетті. Ардақты жандарға ҚР Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін табыстады.

Отырарда 9 мамыр - Ұлы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батырлары С.Әшіров пен Т.Ибрагимовтің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

Отырар ауданында 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған әскери-патриоттық іс-шара ұйымдастырылды.  Өскелең ұрпақтың отансүйгіштік пен елге деген құрмет сезімін арттыруды мақсат еткен шара алдымен ауданнан шыққан қос Кеңес Одағының батырлары С.Әшіров пен Т.Ибрагимов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды.

Отырар ауданында 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай еліне қорған болған ерлерге тағзым жасалды

Отырар ауданында 9 мамыр - Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара Ынталы елді мекеніндегі «Жеңіс» саябағында аталып өтті.

Осы RSS каналға жазылу