Түркістан облысында экспорт көлемі 67 пайызға артқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке экспортқа бағытталған компанияларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыруды тапсырған болатын. Осыған орай, Түркістан облысында отандық тауар өндірушілердің экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. «Turkistan Invest» фронт-офисі құрылып, инвестициялар тартумен қатар аймақтық экспортты дамытумен белсенді айналысып келеді.

Түркістанда «Мейірім шуағы» өнер фестивалі өтті

Түркістан қаласындағы «Арбат» алаңында «Мейірім шуағы» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мерекелік шарасы өтті. Осымен он үшінші рет өткізіліп отырған өнер сайысының мақсаты – мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету болып табылады.

Түркістан: облыс әкімі Сайрам ауданындағы бірқатар нысандарды аралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Сайрам ауданына іссапарын Жібек жолы ауылдық округіндегі «Төменгі Аққала» каналында жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстарын тексеруден бастады. Ауданның егістік аумағы 60 мың гектардай жерді алып жатыр. 18 500 гектары – суармалы. Онда ағын су коммуналдық және жеке меншіктегі су арналары арқылы жеткізіледі.

Түркістандықтар Жолдаудың басым бағыттарын талқылады

Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығында «Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың халыққа Жолдауы: әлеуметтік және қоғамдық жаңару бағыты» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізілді. Аталмыш іс-шараны Еуразиялық интеграция институты мен Түркістан облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. «Дөңгелек үстелдің» мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Жолдауда ұсынған басым міндеттерін талқылау. Жиынға жоғары білім жүйесінің, ардагерлер кеңесінің өкілдері, жастар мен кәсіпкерлер қатысты.

Түркістан: Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал ауданына іссапармен барды

Облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы ең алдымен ауданындағы «Отан Ана» шаруа қожалығының дала жұмыстарымен танысты. Мұндағы диқандар жоңышқа, дәнді жүгері, қарбыз және басқа да көкөністерді егумен айналысады. Достық ауылында орналасқан шаруа қожалығы 73,9 гектар алқапта орналасқан. Шаруалар соңғы жылдары кеңінен қолданатын тамшылап суару әдісінің тиімділігін көруде.

Облыс әкімі Түркістандағы құрылыс алаңдарын аралады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жауапты сала жетекшілерімен бірге Бекзат Саттарханов даңғылының бойында орналасқан «Желілік саябақ» жобасының барысын бақылап қайтты. Құрылыс қазаны қайнаған аумақты аралап шыққан аймақ басшысы жауапты мамандарға бірқатар тапсырма берді.

Түркістанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай ғылыми конференция өтті

Түркістанда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған ғылыми конференция өтті. Облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Елбасының курстасы Асетулла Каримов, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан жоғарғы медицина колледжінің жастар ұйымының төрағасы Дүкенбай Бақытжан Әбенұлы қатысты. 

Түркістан облысы: Қазығұрт Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні атап өтілді

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні мерекесі ерекше, себебі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен құрылысына Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен үлес қосқанын айқын көрсетеді және Қазақстанның даму жолын түсіну үшін тағы бір мүмкіндік береді.