Түркістан облысы: мемлекеттік қызметшілер қайырымды іс жасады
23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Жақсылықтың басы – қайырымды іс» атты қайырымдылық шарасы өтті.
23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен «Жақсылықтың басы – қайырымды іс» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінде аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Оған мәслихат хатшысы Әлихан Утанов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйымдар мен мекеме басшылары қатысты. Сессияға аудандық мәслихат депутаты Жұмағали Төреқұл төрағалық етті.
ҚАДІРЛІ ҚАЗАҚ ЕЛІ! ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!
Сіздерді Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуымен құттықтаймын.
Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Төле би» фильмінің таныстырылымы ұйымдастырылды. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облыс әкімдігінің қолдауымен түсірілген фильмнің тұсаукесері көпшілікке ұнады.
Төлеби ауданы Қасқасу ауылдық округінде «Көктөбе» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты өтті. Табиғат аясындағы демалыстарын асыға күткен балалар лагердегі күндерін жақсы көңіл-күймен бастап кетті.
Сарыағаш ауданында медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. Өңір басшылығы ақ желеңді абзал жандарды мерекемен құттықтап, сала ардагерлері мен білікті дәрігерлерге «Алғыс хат» табыстады. Мәдениет үйінде өткен шарада адам жанының арашашысы саналатын мамандық иелерінің еңбектері дәріптелді.
Қос жанары нашар көретіндер спорттың 5 түрінен бақ сынасты. Жыл сайын жалғасын тауып келген облыстық жарыстың биыл ауқымы кеңейген. Қатысушылардың қатары артқан.
«TURKISTAN – JASTAR FEST!» Осындай атаумен Түркістан қаласында жазғы фестиваль өтті. Шара Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай және жазғы маусымда жастардың бос уақытын тиімді өткізуге арналды. Шығармашылық және спорттық бағыттарды қамтыған мерекелік шараның өтуіне «Жастар ресурстық орталығы» ұйытқы болды.
Бүгін алтыншы шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезектен тыс қырық жетінші сессиясы өтті. Оған қаладан сайланған 13 депутат қатысты.
Түркі дүниесінің алтын бесігі, әлемге әйгілі, қасиетті де киелі, күллі түркі жұртының тарихи, рухани астанасы – Түркістан қаласының облыс орталығы мәртебесін алуына және Келес ауданының қайта құрылуына бір жыл толуына арналған «Туған жерім – тұғырым» атты гала-концерт өтті.