Түркістан: Бәйдібек ауданында шаруашылығы өркендеген ауыл округі бар

Бәйдібек ауданындағы Ағыбет ауыл округі – ынтымағы мен ырысы жарасқан мекен. Өңір тұрғындары қаншама жылдан бері атадан қалған мал мен егін шаруашылығын дамытып отыр. Жыл сайын жоспарды артығымен орындайтын округ, биыл да сол межеден көрінді.

Түркістан: жыл соңына дейін 90 мыңнан астам тұрғын газбен қамтылады

Түркістанда «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасының индустриалды даму бағыты бойынша комиссия отырысы өтті. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалында өткен жиынды комиссия төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қайнар Абасов жүргізіп отырды. Жиында өңірдің инфрақұрылымын дамыту, ауыз су, жылу, электр және газбен қамту, кәспкерлікті дамыту мәселелері сөз болды.

Түркістан: «TurkistanBike» жүйесі іске қосылды

Түркістан қаласында «Түркістан» ӘКК» АҚ мен «Түркістан» ӘКК» АҚ жанындағы «Түркістан» әлеуметтік даму Корпоративтік қоры бастаған «TurkistanBike» автоматтандырылған велопрокат жүйесінің жобасы өз жұмысын бастады.

Мақтааралда «Дәстүрлі құндылықтар керуенінің» көшпелі жиыны өтті

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиын ұйымдастырылды. Тұрғындардың мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру, деструктивті діни ағым жақтастарын қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу, мемлекет пен дін арақатынасындағы зайырлылық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру – дәстүрлі құндылықтар керуенінің басты мақсаты.

Түркістан: «Пара- нәсіп болмайды» тақырыбында келелі кездесулер өтті

«Түркістан - адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің бастамасымен облыстағы барлық кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында дін өкілдерінің қатысуымен «Пара- нәсіп болмайды» тақырыбында келелі кездесулер өтті. Жиынның негізгі мақсаты – өскелең жастардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік құндылықтарын дәріптеу және діни тұрғыдан әлеуметтік дерттің зардаптарын түсіндіру.

Түркістан: «Цифрлы сәби» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жас босанған аналар арасында жүргізілген «Цифрлы сәби» байқауының жеңімпаздарын анықтады. Байқауға бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде жазба жазған 50 ана қатысты.