Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы қоғамдық қабылдау өткізді

Ел ішде туындаған мәселелерге құлақ асып, олардың шешілуін жеделдету мақсатында «Nur Otan» партиясы қоғамдық қабылдау өткізуді дәстүрге айналдырған. Қоғамдық қабылдауды әр саланың жетекшілері өткізіп тұрады. Бұл жолы Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады.

Түркістан облысы: «Менің кәсібім» жобасы арқылы бизнес ашып жатқандар бар

Бизнес ашам десеңіз мемлекет қолау көрсетеді. Тіпті қаржылай демейді. Тек жобаңыз жүйелі болса болғаны. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бастамасымен қолға алынған «Менің кәсібім» жобасы әсіресе әлеуеті әлжуаз топтарды қолдауға арналған. Кәсіп ашып, өз арбасын дөңгелеткісі келген жандарға тіпті қажетті құрал-жабдықтарын сатып алып береді. Бұл жобаға кез-келген азамат қатыса алады. Арысы, студенттер де қамтылады.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсетілді

Бүгін Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың күндізгі қатынау бөлімшесінде аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шашка, шахмат, домино сияқты спорттық ойын түрлерінен іс-шара өтті. 

Түркістан облысында «Бақытты отбасы» бағдарламасын іске асыру жалғасын тауып жатыр

Егер Сіз өзіңіз тұратын аймақтағы әкімдікте тұрғын үй кезегінде тұрсаңыз және қолыңызда әкімдіктің жолдамасы болса, онда Сіз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшелерінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несиелік өтініміңізді жасай аласыз. Жаңа әлеуметтік бағдарламаға көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен кәмелет жасына толмаған балалары бар толық емес отбасылар қатыса алады. 

В Туркестанской области продолжается реализации программы Жилстройсбербанка «Бақытты отбасы»

«Если вы стоите в очереди на жилье в акимате своего региона, и у вас есть на руках направление из акимата, то Вы можете подать кредитную заявку по программе «Бақытты отбасы» в отделениях Жилстройсбербанка. Стать участниками этой социальной программы могут многодетные семьи, семьи, воспитывающие детей с ограниченными возможностями и неполные семьи с несовершеннолетними детьми», передает ИА «AQ-QARA.KZ» ссылаясь на пресс-службу акима Туркестанской области

Түркістанда ата-аналар ассосациясы құрылады

Жыл соңында Түркістан облысында ата-аналар ассосациясы құрылады. Оның құрамындағы түрлі ұйымдар тікелей бала тәрбиесімен айналысатын болады. Бұл туралы Түркістанда өткен облыстық ардагерлер кеңесінің кеңейтілген төралқа мәжілісінде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев айтты.