Түркістан облысы: Түлкібас ауданында жәрдемақымен құс шаруашылығын ашқан әйел тұрады

Алты баланың анасы Мақпал Маймақова атаулы әлеуметтік көмекке биыл құжат тапсырып, ә дегенде 200 мың теңге алған. Түскен ақшаға жұмыртқадан балапан шығаратын инкубатор аппараттарын сатып алыпты. 

Түркістан қаласында дін мен дәстүрдің сабақтастығы түсіндірілген семинар өтті

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, деструктивті діни ұйымдардың алдын алу мақсатында облыстық ақпараттық-түсіндіру топтары (АТТ) мүшелерінің семинары өтті. Шарада ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің біліктілігін көтеру, діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде сақтану шараларын жетілдіру мен қоғамда кереғар ағымдарға қарсы тұратын бірыңғай иммунитет қалыптастыру жайы сөз болды. 

Түркістан облысы: Ордабасы ауданы әкімдігі Шұбарсудағы электр жарығы мәселесін шешеді

Шұбарсудағы ауыз су мен жарықтың өз қожайындары бар. Жекенің меншігіне телмірген халық жарық сөнсе, тіршілік нәрінен де таршылық көреді. Шұбарсуда қордаланған бұл мәселелерден әкімдіктегілерге де жақсы қанық. Айтуларынша, алдымен 5000-ға жуық тұрғынның жарық мәселесі шешіледі. 

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау шаралары оңтайландырылады

Түркістан облысында 2020 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдайтын портал іске қосылады. Енді мүгедектігі бар азаматтар өзіне қажетті көмекті дәл осы қызмет түрінен емін-еркін алатын болады. Бұл туралы баспасөз брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында әкенің қоғамдағы рөлі талқыланды

Аудандық сот пен аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия ұйымдастырған басқосуда «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында түсірілген бейнефильм көрсетілді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары М.Сейтімбетов пен аудандық соттың төрағасы Т.Машрапов, ауданның бас имамы Т.Төлебеков пен білім бөлімі жанындағы қамқоршылық кеңесінің төрағасы А.Белқожа, прокуратура және полиция қызметкерлері, жергілікті тұрғындар қатысты. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданы халқын «Bal Tekstil» ЖШС жұмысқа шақырды

Кілем жəне кілем өнімдерін өндірумен айналысатын «Bal Tekstil» ЖШС-нің басшылары аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары С.Дүйсебаев, Халықты жұмыспен қамтуорталығының директоры Д.Шарипов қатысып, кездесудің мақсатын түсіндірді. 

Түркістан облысы: Шардара ауданы тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жәрмеңке өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақовпен келісіліп, Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Ә.Тұрғымбеков бекітіп берген, Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан наразылық факторларын азайту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Шардара ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен жәрмеңке өткізілді.