Шымкентте «өз үйім» бағдарламасымен 205 пәтер беріледі

ТҮҚЖБ салымшыларына баспана сатып алу үшін жылына 3,5% мөлшерлемемен несие алуына болады. Ол үшін салымшының есеп-шотында пәтер бағасының кемінде 50% жарнасы болуы тиіс. Пәтерлер берілетін «Бақыт» тұрғын үй кешені Нұрсəт шағынауданындағы Бəйтереков көшесінде, ал «Премьера» тұрғын үй кешені Нұртас шағынауданы, Майтөбе көшесі, 214 мекенжайында салынуда. Құрылысты салушы компания – «Композит-7» ЖШС.

Шымкентте 224 отбасы қоныс тойын тойлайды

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін Шымкентте 224 пәтерлік 4 үй қолданысқа беріледі. Бұл туралы ТҮҚЖБ Шымкент қаласы филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Айта кетерлігі, ТҮҚЖБ салымшылары, яғни 224 отбасы мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болмақ.

Шымкент: жәрмеңкеге 65 тонна өнім әкелінген

Бүгін, сенбі күні, әдеттегідей Шымкентте Түркістан облысымен бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі жалғасуда. Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілерімен қатар Түркістан облысының Созақ және Шардара аудандарының тауар өндірушілері өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды.

«Шымкент-Цирк» пен қалалық полиция департаменті балаларға қайырымдылық қойылым ұсынды

Миллионды қаланың балғындары көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. «Шымкент-Цирк» ұжымының өнерпаздары мен қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қала әкімі Ерлан Айтахановтың бастамасын қолдау мақсатында қайырымдылық қойылымын ұсынды.

Шымкентте «Құтқарушылар күні» аталып өтті

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» Құтқарушылар күні қарсаңында салтанатты іс-шара өтті. Аталған мерекелік іс-шараға Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, оның ведомстволық бағынысты ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен ардагерлері, әкімдік пен қалалық мемлекеттік органдардың қызметкерлері, Мәслихат депутаттары мен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты.

Шымкенттік жүргізушілердің мамандандырылған ХҚКО-да емтихан тапсыруға мүмкіндігі бар

Автоәуесқойлар жол қозғалысының теориясы бойынша алдын ала тестілеу емтиханын мамандандырылған ХҚКО-да тапсыра алады. Жыл басынан бері үш мыңға жуық шымкенттік осы мүмкіндікті пайдаланып, жол қозғалысы ережелері бойынша білімін арттырған.

Шымкент: салық мамандары электронды сауда жасаудағы жеңілдіктерді түсіндірді

Салық кодексінде интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығына жаңа жеңілдіктер қарастырылған. Бұл туралы Шымкент қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлама жасады.