Түркістан облысы: Мақтааралдықтарға атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы түсіндірілді
Бүгін Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мақталы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, көп балалы аналармен кездесу өткізді. Жиынға аудан әкімі Бақыт Асанов арнайы қатысып, төрағалық жасады. Кездесу барысында Әсия Құралқызы атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы туралы түсіндіріп, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға ынта-ықыласымен жауап берді.