Елбасы Н.Ә.Назарбевтың жарлығымен 2019 жыл "Жастар жылы" деп белгіленген болатын. Жастар жылында жастарды мәдениеттілікке, рухани адамгершілікке, өнерге деген шығармашылық ізденістерін дамыту, жастардың танымдық қызығушылығы, шығармашылық қабілетін, сахна мәдениетін, өзін-өзі тану қабілетін қалыптастыру, талантты жастарға қолдау көрсету мақсатында "Jastar KZ" жобасы жүзеге асырылуда. Осы орайда колледжде жасөспірімдер арасында тәрбие саласын күшейту мақсатында бүгін Төлеби аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сейіт Бекмұрзаев,Түркістан облысы əкімі аппаратының "Қоғамдық келісім" КММ Төлеби аудандық филиалының басшысы Есімхан Айтжанов,Төлеби ауданының "Аналар кеңесінің" төрайымы Гулбазар Есенова, сондай-ақ колледждің ата-аналар комитетінің төрайымы Н.Стаценконың қатысуымен кездесу өтті.