Солтүстік Қазақстан облысының делегаттары шымкенттік мамандарды өз өңірлеріне қоныс аударуға шақырды

Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов ауданының өкілдері Шымкентке арнайы келіп, мамандарды өңірге шақырып жатыр. Жұмыс күші тапшы аймақтарға халықтың қоныс аударуы жалғасып жатқанын айта кетейік. Осыдан 6 жыл бұрын қабылданған «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша халқы тығыз орналасқан өңірлерден еңбекке қабілетті отбасылар көшірілуде. Солтүстік Қазақстаннан келген делегаттар қоныс аударуға ниет білдірген жергілікті тұрғындарға тиісті бағдарламаны жіті түсіндірді.

Еңбек күші тапшы өңірге көшкендердің шығындары үшін 35 АЕК көлемінде қаражат төленеді. Сонымен қатар бір жыл бойы көшіп барған отбасының баспананы жалдауға жұмсайтын шығындары субсидияланады. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан жұртшылығы қоныс аударғандарды құшақ жая күтеді дейді мамандар. Баян Шегебаев, СҚО Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары: «Ауыл шаруашылығы саласының мамандары қажет. Механизатор, дәнекерлеуші, энергетиктер, мұғалімдер, дәрігерлер. Камаз айдайтын көлік жүргізушілері де керек. Егіншілік пен мал шаруашылығымен айналысамын деген азаматтарға жергілікті әкімдік тарапынан қолдау болады».

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда 40 мыңға жуық тұрғын тұрса, оның дені ауылдық елді-мекендерге қоныстанған. Кадр тапшылығын сезінген шаруашылық жетекшілері Шымқалаға арнайы келіпті. «Ақ селеу» шаруа қожалығы егіншілік және мал шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарды ауданға шақырады. Серік Малаев, шаруашылықтың төрағасы: «Біз келушілерге он тұрғын үй салып қойдық. Суы барлығы қарастырылған. 11 жылдық мектеп бар, бастауыш сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған, наубайхана бар».

Солтүстікқазақстандықтар Шымкентте ұйымдастырылатын бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне де қатысады. Сол шарада қоныс аудару, тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету бағытында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның мүмкіндіктері жан -жақты таныстырылады.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Шымкентте 1,5 мың кәсіподақ ұйымы жұмыс істеп отыр

Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы филармония залында «Қазақстан кәсіподақтары күні» мерекесіне орай «Еңбек, құқық, қоғам – кәсіподақ жүрегі! Бірлік, жігер, даму – Қазақстан тірегі» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Онда салаға еңбек сіңірген үздіктер марапатталды.

Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» аз қамтылған отбасы балаларына қамқорлық көрсетуде

Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». ПрезидентЖолдауын жүзеге асыру жолында Шымкент қаласының «Азаматтық Альянсы» қауымдастығы жүйелі жұмыс атқарып, үлес қосып келеді.

Шымкентте «Пара берме» әлеуметтік челленджі бастау алды

Шымкент қаласында мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі күш-жігерін біріктіру мақсатында «Пара берме» акциясы басталды, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі. Бұл әлеуметтік челлендждің басталғаны туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали хабарлады.

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары психологиялық тренингке қатысты

Шымкент қаласы Полиция департаментінің психологтары Жергілікті полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне «Коммуникативтік дағдыларды дамыту» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.

Шымкенттегі медицина академиясының тарихи мұражайы ашылды

Таяуда Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының 40 жылдық мерейтойы өткені белгілі. Аталған мерекелік жиын білім ордасының тарихи мұражайының салтанатты ашылу рәсімімен басталып, іс-шараның аясында «Медицина мен фармацияның заманауи аспектілері: Білім, ғылым және тәжірибе» атты екі күндік халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті.

Шымкент: аз қамтылған отбасы балаларына заттай қолдау көрсетілетін болды

2020 жылдан бастап АӘК алушы отбасылардағы балаларға заттай қолдауды қамтитын кепілдендірілген пакет енгізіледі. Бұл туралы АӘК тағайындаудың жаңа тәртібі жөнінде өткізілген баспасөз брифингінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы айтып, түсіндірді.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр жәрдемақының кімдерге берілетінін айтып берді

2020 жылдан бастап көпбалалы отбасылардың барлығына табысына қарамастан жәрдемақы беріледі. Атап айтсақ, мемлекет тарапынан балаларға және көпбалалы отбасыларға көмектесу мақсатында кешенді шаралар мен бағыттар қабылдаған.

Шымкент: Ерлан Айтаханов «Тұран» шағынауданындағы әлеуметтік мәселелер түбегейлі шешілетіндігін айтты

Шымкент қаласының әкімі әлеуметтік желідегі өзінің жеке аккаунтына қала тұрғындарынан түскен мәселелер бойынша «Тұран» шағын ауданына барды. Аталған іссапар барсыныда қала басшысы тұрғындар мәселелерінің барлығын дерлік тыңдап, өз көзімен көрді.