Шымкентте студент жастар арасында волейболдан турнир ұйымдастырылды
6 команда арасындағы ойын өте тартысты өтті. Сайысқа қалалық Жастар ресурстық орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау институты ұйытқы болды. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, есірткі бизнесіне күрес, жастардың дене белсенділігіне қолдау көрсету -сайыстың негізгі мақсаты.