Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша алдыңғы орында
Елбасының тапсырмасы аясында ағымдағы жылдың наурыз айында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жұмысын бастаған болатын. ҚР Үкіметі бағдарлама бойынша халық тұтынатын тауарларды, шикізатты жәнебастапқы қайта өңдеу өнімдерін өндірілуіне қолдау көрсетеді. Бүгінгі таңда бағдарламаны іске асырудан Түркістан облысы көш бастап тұр. Өңірдн жалпы құны 64,5 млрд. теңгені құрайтын 206 жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы бағдарламаны іске асыру бойынша Өңірлік жобалау офисінің кезекті отырысында мәлім болды.