Түркістан облысы: Келесте білім саласы бойынша екі нысанның құрылысы жүргізілуде

Келес ауданы әкімдігіне қарасты Келес аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Юсупов БАҚ өкілдеріне бөлімнің ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарған жұмыстарының есібін берді.

Түркістан облысы: Қазығұрт ауданының әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биылғы жылғы 21 қарашада өткізу жоспарланды. 

Түркістан облысы: Сарыағаш 3 номинация бойынша «озат аудан» атанды

Түркістан облысында өткен «AltynKuz-2019» ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мерекесі аясында Сарыағаш ауданы жүзім өндіруден, жұмыртқа өндіруден және жылыжай шаруашылығын дамытудан озат аудан атанды. Осыған орай аудан басшысы М.Отаршиевке Түркістан облысында өткен «AltynKuz-2019» мерекесінде облыс әкімінің арнайы дипломы мен мерекелік кәдесый табысталды. 

Түркістан облысы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша республикада көш бастап тұр

Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысы Н.Байғұттың төрағалығымен аудан және қала әкімдіктері, қаржы институттары, «TURKISTAN» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ өкілдерімен кәсіпкерлік мәселелері жөнінде мәжіліс өтті. Жиында «Қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту бағдарламасының іске асырылуы; Өңірлік даму бағдарламаларын әзірлеу үшін үй шаруашылықтарының, кәсіпкерлердің қажеттіліктерін талдау мақсатында маркетингтік зерттеу (скрининг) жүргізілу барысы; сондай-ақ Түркістан облысындағы кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу мәселелері талқыланды. 

Түркістанда жас жыршылардың байқауы қорытындыланды

Түркістан шаһарында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жас жыршылардың алғырлығы мен білімділігін анықтайтын «Жақсылар, дастан айтайын...» байқауы өтті. Өскелең ұрпақты қазақ халқының рухани құндылықтарымен сусындатып, намысты, қайсар ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізіліп отырған дәстүрлі байқау Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, "Оңтүстік Қазақстан" газетінің ұйымдастыруымен үшінші рет өтіп отыр. 

Түркістан облысы: Кентаудағы жылыжайда жыл бойына жұмыс бар

Кентау бұрын өндірісті қала атанса, ал бүгінде ауыл шаруашылығы да қоса өркендеген өлкеге айналып отыр. Яғни кенді қаланы қазір агроөнеркәсіпті аймақ деп атауға толық негіз бар. Өйткені бұған қатысты барлық сала түгел қамтылып, ол 53 пайызды құраған. Әсіресе, оның ішінде жаңа технологияларды пайдалана отырып, жылыжай салу ісі де қарқын алып келеді. Өз кезегінде бұл экономиканы еселеп, жұмыс күші мен табысты да арттырып отыр. 

Түркістан облысы: Мобильді топ – Кентау қаласының Қарнақ ауылында

«Мобильді жастар орталығы» жобасы аясында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің дінтанушы, психолог мамандары және кеңесшілері Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылындағы Шаш-төбе жалпы орта мектебі мен Қарнақ жалпы орта мектебіне, М.Қашғари жалпы орта мектебінде ат басын тіреді. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында «Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы өтті

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері Түркістан облыстық комитетінің іс-шара жоспарына сәйкес, Мақтаарал ауданы білім бөлімі мен Мақтаарал ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Мақтаарал ауданы білім бөліміне қарасты негізгі және жалпы орта мектептердің ұстаздары мен оқушыларының арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерекесіне орай «Ән-жырымның арқауы – Тәуелсіздік» атты патриоттық әндер байқауы ұйымдастырылып өткізілді. 

Түркістан облысы: Сайрам ауданы әкімі Атабектің ән кешіне қолдау білдірді

Өзінің керемет ән айтуымен, бойындағы өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген, ауданның мақтанышы, бірнеше байқаудың жеңімпазы, лауреаты, тамаша өнер иесі, студент Атабек Рүстемовтің «АРМАНДАР ОРЫНДАЛАДЫ» атты ән кеші өтті. Жыл басындағы Жастар форумында Атабек Айбекұлы аудан әкімінен жеке концерт өткізуге қолдау көрсетуді сұранған болатын. Ұсыныс аудан әкімі тарапынан қолдау тапты. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясында өнер фестивалі өтті

Қазақтың көрнекті жазушысы Жүсіпбек Аймауытовтың «Үміт — адамның бағы, үміт – жүректің тағы» - дегеніндей, арманын аялап, үмітін саялап жүрген тағдырлы жандарға рухани қолдау көрсету — қоғамдағы барша адамның қасиетті парызы. Бүгін осы орайда аудандық мәдениет үйінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау мақсатында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен орталық кітапхананың көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйытқы болуымен «Үміт керуені» атты өнер фестивалі өтті.

Үмітсіз – өмір тұл, жер бетінде барша адам – үмітіне құл. Ал тағдыр сынағын кешіп жүрген жандар үшін үміттің құны алтыннан қымбат. Ертеңгі күнге үмітті жандардың үмітін үкілеуге бағытталған бүгінгі өнер фестивалі «Өмір-өлең», «Ән-ғұмыр», «Мың бұрала би билеп» және «Қолөнер» аты төрт бөліктен тұрды. Фестивальге арнайы қатысқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің басшысы Е.Қаратаев: «Тағдырдың ауыр тәлкегін басынан өткеріп жүрген, мүмкіндігі шектеулі болғанына қарамастан сол ұғымды санасынан өшіріп, алдыға қойған мақсаттарына нық қадам басып жүрген Сіздер әр қашанда біздің мақтанышымызсыздар» - деп, фестивальге қатысушыларға құттықтауын жеткізіп, алғыс хат және естелік сыйлықтармен өнерлі жастарды марапаттады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.