Түркістан: «Nur Otan» партиясы кадрлық резервіне іріктеу ережесі түсіндірілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы «Nur Otan» партиясы филиалында «Партия кадрлық резервіне іріктеу» тақырыбында брифинг өтті. Брифингте аудандық партия филиал төрағасының бірінші орынбасары Асланбек Нұранов партияның кадрлық резервіне іріктеуге қатысуға өтініштер беру және партияның ядролық электоратын қалыптастыру ережелерімен таныстырды.

Түркістан: «Қауіпсіз жол» шарасы аясында 6 мыңнан астам құқықбұзушылық анықталған

Түркістан облысы полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындысында 6,5 мыңға жуық жол-қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды анықтады. Биыл Түркістан облысы аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Түркістан облысы: Төлеби ауданында жеке кәсіпкер кіші футбол алаңшасы салып берді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қала мен өңіріңе, туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын айтып, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынған болатын.

Түркістан облысы: Бәйдібек ауданы әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биыл21 қарашада өткізу жоспарланды. 

Түркістан облысы әкімі азаматтарды қабылдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына ерекше назар аударды. Ондағы басты мақсат халықпен тікелей қатынас орнату болып табылады. Осыған байланысты, мемлекеттік органдарда Республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күнін (ашық есік күнін) биылғы жылғы21 қарашада өткізу жоспарланды. 

Түркістан облысы: Төлебилік қаржыгерлер құрметке бөленді

Бүгін Төлеби аудандық мұражайында Ұлттық валюта күні мен қаржыгерлердің кәсіптік мерекесі аталып өтті. Іс-шараға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Серікбев, мәслихат депутаты Сайлау Құлманов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансур Ашрапов және Төлеби ауданындағы қаржы саласының қызметкерлері қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында Нұрмұхамед Есентаевтың 110 жылдығы тойланды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданында "Социалистік Еңбек Ері" атанған Нұрмұхамед Есентаевтың 110 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданында қариялардың ұйымдастыруымен семинар кеңес өтті

Бүгін Жетісай аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен “Ұрпақ тәрбиесі –  ұлағатты іс” тақырыбында аудан ардагерлерінің семинар-кеңесі болды. Жылысу ауылдық округінде орналасқан І.Жансүгіров атындағы жалпы орта мектебінде өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков пен аудандық білім бөлімінің басшысы Тұрсын Мырзалиев, аудан ардагерлері қатысты.