Шымкенттегі 1889 көпқабатты үйлердің 95 пайызына жылу берілген
Шымкент қаласында жылыту маусымы басталғалы орталық қазандықтан жылытылатын 1889 көпқабатты үйлердің 95 пайызы, 400 — ден астам бюджеттік мекемелер жылуға 100 пайыз қосылды.
Шымкент қаласында жылыту маусымы басталғалы орталық қазандықтан жылытылатын 1889 көпқабатты үйлердің 95 пайызы, 400 — ден астам бюджеттік мекемелер жылуға 100 пайыз қосылды.
Шымкент қаласында «Бастау бизнес» жобасының 3-ші кезеңіне тіркелу басталды. Осыған орай, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы арнайы конференция өткізді. Жиын барысында, алдыңғы екі кезеңде оқудан өткен жас кәсіпкерлердің аяқ алысы мен гранттарды игеру әңгіме болды.
Шымкентте жыл басынан бері заңсыз айналымда жүрген 8135 дана тауар тәркіленген. Олардың жалпы құны 1 500 000 теңгеге жуық. Мұндай мәлімдемені Шымкент қаалсының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Бахтияр Камалов жасады.
Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде тұңғыш рет барлық жас қазақстандықтар арасында, барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін бірегей әлеуметтік лифт болып табылатын Президенттік жастар кадрлық резерві қалыптастырылуда.
Шымкентте бір мезетте жасалған екі күрделі отаның нәтижесінде салмағы 3 келіден асатын ұл бала дүниеге келді. Атап айтсақ, ота жасалған жүкті келіншекке «1 типті қолқаның жедел жыртылуы» диагнозы қойылған. Мұндай ауру кардиология мен кардиохирургияда сирек кездеседі. Статистика мәліметтеріне сүйенетін болсақ, мұндай диагноз қойылған пациенттердің 50%-ы жедел жәрдем келгенге дейін, қалғаны отаға дейін өліп кетеді екен.
Шымкент қаласы мемлекеттік сатып алулар басқармасы 20 млрд теңгеден асатын 52 конкурс жариялап, 677 млн.теңге үнемдеген, деп хабарлайды AQ-QARA.KZ тілшісі.
Жастар жылы аясында жастарға жаңа серпін беріп, қаланы, қоғамды дамыту жөнінде нақты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік беретін «Жастар мәслихаты» құрылған болатын. Бүгін шымкент қаласы Жастар мәслихатының алғашқы отырыс болып өтті.
Шымкент қаласында ішкі саясат және дін істері басқармасы және ҚМДБ қала бойынша филиалының ұйымдастыруымен «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның рөлі» атты семинар өтті. Семинарға елімізге белгілі дінтанушы, РһD докторы Қайрат Жолдыбайұлы және имамдар мен бір топ жастар қатысты. Басқосуды ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Әлібекқызы Бектаева жүргізіп отырды.
Шымкент қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің жүргізген профилактика нәтижесінде 25 білім беру мекемесінде 166 заң бұзушылық анықталған. Оның 132-сі тікелей басшылық тарапынан, 34-і жоғары тұрған орган тарапынан орын алған. Бұл туралы қалалық білім саласын бақылау департаментінің басшысы баспасөз брифингінде айтты.
«Отау групп» компаниясы салған «Роял Апартменс» бизнес класс санатындағы нысандар қаладағы Қонаев даңғылының бойынан орналасқан. 12 қабатты зәулім үйлердің жертөлесінде автотұрағы мен балалар алаңшасы бар. Бассейндері тіпті ерекше. Бір сөзбен айтқанда ғимаратта тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған.