Түркістан: мақтааралдық диқандар өнімдерін шетелге экспорттауда
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 60926,3 гектар егістік жер бар. Биыл 38185 гектар жерге мақта, 1827,6 гектарға ерте егілетін көкөніс, 54,2 гектарға картоп, 2003 гектарға жаңа жоңышқа, 1689 гектарға ескі жоңышқа, 3178 гектарға дәндік жүгері, 500 гектарға сүрлемдік жүгері, 1615 гектарға күріш, 152 гектарға маш, 47,4 гектарға бидай, 11502 гектарға бақша, 90,2 гектарға жеміс-жидек егілген.