Түркістан облысы: Шардара ауданының әкімі ауылдарды аралап, тұрғындармен кездесті

Шардара ауданының әкімі Жаушықұм және Қ.Тұрысбеков ауылдық округтерінің тыныс-тіршілігімен танысып, тұрғындарымен кездесті. Елдімекендерді аралап, тұрғындардың тыныс-тіршілігімен танысу ісін Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай «Жаушықұм» ауылында жалғастырды. Аудан басшысы мұнда салынып жатқан ауыз су торабында болып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Түркістан облысы: директорлар кабинеттерін төменгі қабатқа көшіріп жатыр

Түркістан облысында барлығы 606 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Оның 445-і жергілікті атқарушы және 161-і орталық органдардың аумақтық департаменттері. Бұл туралы Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев мәлімдеді. Сондай-ақ баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облыстық филиалының директоры Жанат Момынқұлов филиал тарапынан 2019 жылғы 1 жартыжылдық есебі туралы толығырақ баяндама жасады.

Түркістанда да, Арыста да құрылыс қарқыны бәсеңдемейді

Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық мәслихатының сессиясында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. 2019 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы көрсеткіштер жөнінде баяндаған ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары бойынша нақты жұмыстар қолға алынатынын айтты. Президент бақылауында тұрған Түркістан мен Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына тоқталды.

Түркістан облысы: өңірде халық шаруашылығының барлық салаларында айтарлықтай өсім бар

Түркістан облысында 2019 жылдың жарты жылдығына өнеркәсіп өнімінің көлемі 5,1%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі 4,7%-ға артқан. Жалпы өңірлік өнім өсімі 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда +4,8%-ды құрайды. Бұл туралы бүгін Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс қырық бірінші сессиясында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

Түркістан облысы бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті

Бүгін #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясы аясында Түркістан облысы аумағында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Аталған шараның салтанатты ашылуына Түркістан облысының орынбасары Мейіржан Мырзалиев қатысып, акция қатысушыларына алғысын білдірді. Содан кейін облыс әкімінің орынбасары көпшілікпен бірге "Арыс-Түркістан" су арнасының бойын қоқыстан тазартуға атсалысты. 

Түркістан облысы: Арыс қаласында 2161 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды. Бүгінгі таңда 17 секторда қолға алынған құрылыстың көбі кетіп, азы қалған. Мәселен, Жамбыл облысы 3 сектордағы 312 үйді берілген мерзімде 100 пайыз жөндеп бітеміз деп отыр. Қазіргі таңда онда 438 адам жұмылдырылған. Бұл туралы журналистермен өткен баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев мәлімдеді. 

Түркістан: Ордабасы ауданы өнеркәсіп саласы бойынша үшінші орынға шықты

Ордабасы ауданында өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда тартылған инвестиция көлемі артқан. Ордабасы ауданы 2019 жылдың 5 айында өнеркәсіп саласы бойынша 8 млрд. 060 млн. теңгеге өнім өндірген. Бұл көрсеткіш бойынша аудан облыс көлемінде 3-орынға ие.