Түркістан облысы: Денсаулық сақтау басқармасы өз мамандарына жағдай жасауда

Түркістанға қоныс аударған облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы өз мамандарына жан-жақты жағдай жасауда. Басқарма қызметкерлеріне материалдық көмек пен ыстық тамақ берілуде. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барысында мәлімдеді. 

Түркістан облысы: Кентау қаласында инсульт орталығы ашылды

Кентау қаласындағы қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.

Түркістан облысында денсаулық фестивалі өтті

Түркістан облысында «Денсаулық фестивалі» ұлттық бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Денсаулық  фестивалі – 2018» акциясы  өтті. Фестивальдің мақсаты — тұрғындардың назарын белсенді өмір сүруге аударып, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды насихаттау. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Шымкентке ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев келіп, сала мамандарымен кездесті

Шымкентке жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев келді. Оның келгендегі мақсаты денсаулық сақтау бойынша жасалған жаңа жобаны Шымкенттің және өңірдің медицина қызметкерлеріне түсіндіру.

Шымкентте «Стоп гепатит» акциясы өтуде

Халықаралық гепатитпен күрес күніне орай Шымкент қаласындағы халық көп жүретін «Қырғы базар» аумағында «Стоп гепатит» акциясы бастау алды. Облыстық клиникалық аурухананың 6 медицина қызметкері тексерілгісі келетін  кез келген тұрғындарды 5 сағат тегін тексерді. Аз ғана уақыттың ішінде тәжірибелі дәргерлер көптеген базар саудагерлері мен сатып алушыларды тексерістен өткізген.

Шымкентте дәрігерді үйге шақыру, дәрігердің қабылдауына жазылу және медициналық ұйымға жазылу қызметтері автоматтандырылған

Жақында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Селекторлық жиында еліміздегі «ақылды қалалар» жобасын іске асыру мәселелері қаралды. Олардың арасында Шымкент қаласы да бар. Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады

Шымкенттіктер алғаш рет халықаралық йога күнін атап өтті

Шымкентте алғаш рет халықаралық йога күні атап өтілді. Оның ұйымдастырушысы йога институтының жетекшісі Сандип Васант Джадхава.Шымкенттің тұрғындары мен қала қонақтары йогамен шұғылданып, үнді билерін көріп, Үнді мәдениетін тамашалады.