Шымкентте ет бағасын бақылауда ұстау үшін тиісті шаралар қолға алынған

Соңғы уақытта БАҚ беттерінде сиыр етінің сүйексіз, жұмсақ ет бөлігінің (мякоть) бағасы 5 000 теңгеге дейін өскені жөнінде ақпараттар жарияланды. Бұл мәселе қоғамда алаңдаушылық туғызғаны белгілі. Осыған орай, Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан ресми түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Шымкентте тамыз айында бірқатар мәдени іс-шара өтеді

2025 жылдың тамыз айында Шымкент қаласында маңызды мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылмақ. Бұл айда ұлт руханиятына елеулі үлес қосқан тұлғаларға арналған мерейтойлық бағдарламалар мен ел тарихындағы елеулі оқиғаларды атап өтуге бағытталған шаралар өткізіледі.

Шымкентте жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту жалғасуда

Шымкент қаласында халықты жұмыспен қамту бағытындағы шаралар жүйелі түрде жалғасуда. Атап айтқанда, 2025 жылы 770 жұмыссыз азаматты қысқа мерзімді кәсіптік оқыту көзделіп отыр. Бұл бастама еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадр даярлап, тұрғындарды тұрақты табыс көзімен қамтамасыз етуге бағытталған.

Шымкентте аялдама павильондары жаңартылуда

 Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек төмендегідей мәлімдеме жасады.

Шымкентте туристік индустрия мамандарына арналған кәсіби семинар-тренинг басталды

29–31 шілде аралығында «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен қонақ үй және қоғамдық тамақтану саласының әкімшілері мен гид-экскурсоводтарға арналған оқыту семинар-тренингі өткізілуде.

Шымкенттің инфрақұрылымдық даму мәселелері бойынша аппарат мәжілісі өтті

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық мәжілісте аудан әкімдері мен бірқатар басқарма басшыларының қатысуымен қаланың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық даму барысы талқыланды.